Палеолит дәуірінде ерте өнердің дамуы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Палеолит дәуірінің өнері 5
1.1 Жер астындағы әлемнің асыл қазыналары 5
1.2 Палеолит өнеріндегі аң стилі 11
1.3 Палеолит өнеріндегі адамның рөлі 13
2 Б.з.б. 12 мыңжылдық - б.з. 1 ғасыр аралығындағы өнердің дамуы 15
2.1 Мезолит, неолит дәуірлеріндегі өнер 15
2.2 Қола және ерте темір дәуірлеріндегі өнер 17
3 Қазақстан жеріндегі ерте өнердің дамуы 19
3.1 Ежелгі дәуір мәдениетінің қайнар көзі 19
3.2 Ежелгі дәуір петроглифтері 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Қосымша 31


Кіріспе

Өзектілігі. Ежелгі адамдардың өнерінің көркем ескерткіштерінің ашылу және тарихи анықталу шежіресі біздің алдымызға бір қызықты да бейнелі детектив ретінде келіп отыр. Әсіресе бұл мәліметтердің тарихи білімнің артуына және оның шекарасының кеңеюіне тигізетін маңызды әсері мол. Батыс Еуропаның өткен ғасыр мен қазіргі кезеңнің межесіндегі интеллектуалды тарихының ең бір жарқын эпизодтарының бірі болып табылатын бұл мәліметтер ерекше қызығушылық тудырып отыр. Сол кездегі жас ғылымдардың бірі болған палеолиттік археологияны таң қалдырған оқиғалар драматизмі қазіргі кездің өзінде көп жағдайда өнердің пайда болу мәселесі мен оның ғылыми кезеңделу ерекшеліктерін анықтап отыр.

Палеолит адамы алғаш рет өнер мен көркем бейнелер мен суреттер жасау мүмкіндігін ашып қана қойған жоқ. Ол қалдырған көркем өнер ескерткіштері мұздық дәуірінен өтіп, көптеген мыңжылдықтар бойы өзінің эстетикалық күші мен анықтылығын сақтап, бүгінгі күнге дейін жеткен. Олар сол кездің ежелгі материалдвқ мәдениетімен бірге тіршілігін жойған жоқ, керісінше, қазіргі кезде де өзінің көркемөнерлік рөлінде біздің заманымыздың публикасының алдына келіп отыр. Төрттік дәуірінің жәдігерлері шынайы өнердің (шығармашылық- тың) нақты мәңгілігін және жалпыадамзаттық маңыздылығын көрсетеді.

Өнердің пайда болуы... Ол сұрақ көптеген ғасырлар бойы адамзатты мазалаған мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жайлы көптеген кітаптар жазылған. Бірақ та ол кітаптарда өнердің пайда болу генезесі, оның пайда болуына не әсер еткені мәселе етілмеген. Түрлі басылымдарда, авторлардың көзқарастарының әр түрлілігіне, олардың алғашқы өнер туындыларын бағалау ерекшеліктеріне қарамастан, ортақ белгі бар – олардың бәрі палеолит өнерін жалпы өнер дамуы генезисінен бөлек, өз алдына жеке, спонтанды түрде пайда болған құбылыс ретінде қарастырады. Шынында да, палеолит өнерінің ескерткіштері өте ежелгі, қазіргі заманнан он бес-жиырма, тіпті отыз мыңжылдықпен ажырайды. Бірақ олардың өте ерте туындыларының өзі көркемдік анықтылығымен, тұрпайы жетілгендігімен ерекшеленеді.

Ғылымда бекітілген бұл дәстүр өнердің пайда болу тарихы мәселесін ығыстырды, ақырында бұл сұрақ белсенді зерттеу жұмыстарынан, ғылыми талқылаулардан шығып кетті. Бұның негізгі себебі ол сұрақ мәңгілік жұмбақ, бұған жауап табу мүмкін емес деген көзқарастар болды. Мұндай көзқарастар XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы ғылыми деректерді ойша талқылаудан туындаған. Бүгінгі күнге дейін олар алғашқы өнер формаларының негізгі үш гипотезамен (қарапайым кезең, макарондар, қол гипотезалары) анықталған.

Мұның бәрі бұл тақырыпты қайта ой елегінен өткізгенде көрініс тапқан. Өнердің генетикалық бастауы ретінде «дайын» ертепалеолиттік өнер есептеледі. Батыстық монографиялық әдебиет дәл бұл позицияны ұстанады. Өнердің пайда болу тарихы тақырыбына арналған басылымдардың көбейіп, өнердің нақты пайда болу генезисіне көңіл аудармаушылық бекітіліп, белгілі бір нормаға айналды.

Дәл бұл жағдайларда өнердің пайда болуын зерттеу жұмысын жеке, өз алдына дара ғылыми мәселе ретінде қарастыру ерекше актуальды тақырып болып табылады. Тек арнайы жүргізілген анализ ғана өнердің пайда болуының алғышарттарын түсінуге, оның ежелгі дүниедегі рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұсынылған курстық жұмыстың негізгі мақсаты – өнердің пайда болу тарихын зерттеу.

Мақсатқа сай келесі міндеттер қойылады:

  • Алғашқы қауымдық қоғамдағы өнерге сипаттама беру;
  • Алғашқы қауымдағы өнерді зерттеу мәселесі;
  • Ежелгі дәуірлік қоғамдағы өнердің дамуының хронологиясын талдау;
  • Алғашқы қоғамдағы өнердің дамуындағы өзгерістер.

Зерттеудің объектісі – алғашқы қоғамдағы өнер.

 

 

Іздеу