Спартак көтерілісі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Бзд 1 ғ ежелгі Римнің әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайы 5
2 Спартак көтерілісі 9
2.1 Спартак өмірбаяны 9
2.2 Көтерілістің барысы 10
3 Спартак көтерілісінің саяси салдары 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22


Кіріспе

Спартак көтерілісі ежелгі  Рим тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі ретінде Рим тарихының көптеген тарихи құбылыстарын сипаттауға мұмкіндік береді. Рим мемлекеті өз кезіндегі ең ірі және ең мықты мемлекеттердің бірі болған. Рим мемлекетінің тарихын оқи отырып, біз бүгінгі күндегі мемлекеттер Рим мемлекетінің құрылымынан, саяси жүйесінен өзіне көп нәрселер алғанын көре аламыз. Рим патшалық, аристократиялық республикалық және империялық кезеңдерінде болсын кез келген мемлекетке өзінің мемлекеттік құрылысына алуға үлгі бола алатын. Міне осы жағдайда Рим мемлекеті қашан және қалай пайда болды, оның мемлекеттілігінің ерекшелігі неде деген объективті сұрақтар туындайды. Міне осы кезде Рим мемлекеті туралы мәселе өте маңызды болып келеді деген тұжырымға келеміз, әрине Рим туралы көп зерттелген, көп айтылған, сонда да жас заңгерлерге бұл өте үлкен және керекті мәліметтер деп санаймын. Рим мемлекетінің әлем тарихында алатын орны өте үлкен және ол әрқашан өзінің мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік және өзінің құқықтық жүйесімен талай тарихшылар мен саясаткерлерді таң қалдырған болатын Л.Морганның айтуы бойынша ежелгі римдік қоғам өз құрылысы бойынша әскери демократияға жатады екен. Олар бұл кезеңде жер өңдеуімен, мал шарушылығымен және металл өңдеумен айналысқан. Көшпелі өмір патшалалық кезеңде аяқталған болатын. Бірақ бұл Ежелгі Римнің құрылымы әскери демократия сипатында болуына әсер еткен жоқ. Бзд   70   ж   Италияда   ерекше   әлеуметтік   саяси   жағдай   қалыптасты.   Серториан   соғысы   Рим   республикасының   ішкі   проблемаларына   толы   болды.   Серторий   саяси   қызметкер,   әскери   қолбасшы   жергілікті   саяси   элиталармен   қайшылықта   болып   Испания   ығыстырылды,   нәтижеде   Римде   ашық   азаматтық   соғыс   жағдайында   Корнелий   Сулла   диктатурасы   орнатылды.

Осы   оқиғалардың   түбірі   Одақстастық   (90-88   жж)   бастамасын   алды.   Бұл   Рим   халқының   одақтастары   болып   саналатын   италиялық   халықтардың   Рим   азаматтарымен   соғысы   болды.   Гракх   тұсында   одақтастарға   римдік   азаматтық   құқық   беру   мәселесі   көтерілді.   Италиктер   Рим   халқының   едәуір   бөлігін   құрап   соғыстар   кезінде   жаңа   территорияларды   жаулап   алуда   елеулі   орын   атқарды. Жаулап   алынған   территорияларда   мекендеген   италиктер   романизация   процессіне   белсенді   қатысып   Рим   халқының   бір   бөлігі   ретінде   танылды Отанында   олар   Рим   азаматтарынан   оқшауланып   саяси   құқықтық   жағынан   қысым   көрді,   оларда   рим   италиялық   қоғамдық   ерекшеліктер   шиеленісе   бастады.   Италийлық   ақсүйектер   рим   ақсүйектерімен   бір   деңгейде   қоғамды   басқара   алмады.   Ал   италийлық   шаруалар   қоғамдық   қорды   жерін   таратқан   кезде   бұл   жерлерді   иеленуге   құқықтары   болған   жоқ.

Зерттеу жұмысының мақсаты: ежелгі рим империясында Спартак басшылығымен болған құлдар көтерілісінің барысын зерттеу

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Арнайы тарихи әдебиеттермен жұмыс істеу;
  • Бзд 1 ғ ежелгі   Римнің   әлеуметтік   экономикалық   және   саяси   жағдайы
  • Спартак көтерілісі
  • Спартак өмірбаяны
  • Көтерілістің барысы
  • Спартак көтерілісінің   саяси   салдары

Іздеу