Тәуелсіздік үшін соғыстар және АҚШ – тың құрылуы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 АҚШ – тың пайда болуы 5
1.1 Тәуелсіздік жолындағы соғыстар және Тәуелсіздік декларациясы 5
1.2 Тәуелсіздік үшін соғыстардың нәтижесінде АҚШ – тың құрылуы 9
2 Конституция – мәңгілік құжат 12
2.1 АҚШ конституцияларына жалпы сипаттама 12
2.2 1787 жылғы конституция 14
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Америка Құрама Штаттарының құрылуы, жетіліп дамуы, бүгінгі таңда АҚШ – тың қол жеткізген жетістіктерінің бастау осында.Әрбір ел өз тарихының басталуын білу қаже.Америка Құрама Штаттарының тарихын білу арқылы, біз бүгінгі таңда нақты қорытынды жасай аламыз.Осымен қатар Америка тарихына көптеген өзгерістер әкелген 1787 жылғы Конституция. Жаппай халық қозғалысы барлық жағынан айқындалып, ол тек ортақ  өкіметтің әлсіздігін ғана емес, сондай – ақ оған төнген қауіпті де көрсетті. Сондықтан буржуазия мен плантаторлар мемлекеттік құрылысты, біріккен отарларды өзгертуге шешім қабылдады. Бұл жоспарды іске асыру  Конвенттің құрылтайына тапсырылды да, ол 1787 жылы жиналды. 55 делегатының құрамына 24 қаржы қызметкері, 11 кеме ұстаушы, 15 құл иеленуші кірген. Конвент мәжілісі халықтан  жасырын  өткізілді. 1787 жылы Конституция  саяси  автономияны – штатты  жоя  алған  жоқ.Бірақ оған күшті отарлық  билікті  қарсы  қойды. Конфедерация  толық  федерацияға  көшті. Негізінде  Конвент  жаңа  Конституцияны жазу керек деген тапсырма алған жоқ. Олар Конфедерацияның баптарына кейбір өзгерістер кіргізуге тиісті болған. Ал олар жаңа Конституция жазып шығарды.Шынында Конвенттің жаңа Конституция жазуға құқығы жоқ болатын.

Жұмыстың мақсаты: осы таңдап алған тақырым бойынша жұмыс жасаудағы мақсатым Америка Құрма Штаттарының тарихымен толық танысу, зерттеп, зерделеу және де америка тарихын өзгертуге көп үдес қосқан атақты  1887 жылғы Конституцияна талқылау.

Зерттеу міндеттері: таңдап алған тақырым бойынша зерттеу жұмыстарындағы мақсатыма жету үшін, төмендегідей міндеттер қойдым.

  • Америка Құрама Штаттарының тарихымен толық көлемде танысу;
  • Тәуелсіздік деклорациясын талқылау;
  • Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік конституциясына жалпылама сипаттама жасау;
  • 1887 жылғы тарихта өз ізін қалдырған конституцияны талқылып, бөлімдеріне талдау жасау;

Зерттеу деңгейі: Америка Құрама Штаттарының құрылуының жалпы сипаттамасы ретінде Всемирная история жақсы қарастырылғын.Бұл еңбектердегі деректер бойынша Америка Құрама Штаттарының тарихы,құрылу жолындағы жолпы сипаттамасы анық және айқын көрсетілген.Ал, Новейшая история стран Европы и Америки атты еңбекте Америка Құрама Штаттарының құрылу жолындағы күрестері жайлы жақсы жазылған.Менің жұмысымның бірінші тарауында көрсетіліп кеткен Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы және оның нәтижелері жайлы  Т.Джефферсон, Тәуелсіздік декларациясы атты еңбегінде анық айтылған.Ондағы көрсетілген мәліметтер бойынша әлеуметтік – экономикалық және саяси мәселелерге де біршама көңіл бөлген.Тәуелсіздік Декларацияның қабылдануы нәтижесінде Америка Құрама Штаттарының нақты елдің бір жүйесін болғаныны көруге болады.Сонымен қатар, А.К.Мухтарованың  Шет елдердің мемлекет және құқықттарының тарихы  және А.А. Мишинің, Конституция США атты еңбектерінде Америка Құрама Штаттарының жалпы конституциясына сипаттама және де 1887 жылғы конституцияның сипаттамаларымен танысып білуге болады.

Зерттеу обьектісі: Америка Құрама Штаттарының пайда болуы және де әлем тарихында алғашқы рет пайда болған Америка Құрама Штаттарының конституциясы сияқты құжатпен таныстыру.

Зерттеу тәсілдері: Курстық жұмысты жазу барысында тарихи талдау, жүйелік талдау,салыстырмалы тарихилық принципін қолдандым. Сонымен қатар қосымша ретінде түрлі тарихи әдебиттерді пайдаланып, әдебиеттердегі мәліметтерді жан жақты пайдалануға тырыстым.

Зерттеу жаңалығы: Таңдап алған тақырыбым бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка Құрама Штаттарының пайда болғаны жайлы толық деректермен танысып және елдің Конституциясын сипаттауды анықтап. Елдің тарихын өзгерткен Конституциясын жалпы сипаттамасын көрсетіп,баптарың бөліп жүйелеуге тырыстым. 

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, АҚШ – тың пайда болуы Конституция – мәңгілік құжат атты екі тараудан, қорытынды және қолданылдаған әдебиеттертізімінен тұрады.

Іздеу