Ұлы географиялық ашылулар мен олардың Еуропа және Америка елдеріне тигізген әсері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 4
1 Империалистік экспансия 6
1.1 Бірінші отарлау кезені 6
1.2 Екінші отарлау кезені 8
2 Деколонизация 12
2.1 Деколонизацияның шарықтау шегі 12
2.2 Отарланған елдер типтері 13
2.3 Метрополия мемлекеттер 14
3 Жана заман және қазіргі заман тарихындағы ұлы теңізшілері 16
3.1 Жана заман ашылулары 16
3.2 Қазіргі заман ашылулары 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21
Қосымша А- Ұлы географиялық ашылулар картасы 22
Қосымша Ә- XV-XVIIғ. Ірі саяхаттары 23
Қосымша Б- XVIIIғ. Әлем картасы 24


Кіріспе

Қазіргі заманғы әлемнің геосаяси жүесінің терең тамырлары бар.Осы заманғы әлем елдерінің орналасуы бес мың жылға таяу уақытты алған еді, әлемді бірінші рет бөлісуден бастап 1494 жылғы (Торлесильясстік келісім және оның жалғасы болып табылатын – Сарагосстік келісім, 1529 жылғы) Испания мен Португалия арасындағы.Еуропалық экспансия әлем құрылысында орталық- перефириялықтың негізін салды, оның негізінде шекаралық кенею және отарлаушы елге бағыну механизмі жатыр. Осы әлемдік саясаттың бірі болып табылатын отарлау, шет елдерді өз мақсаттарында пайдалану оның негізіне арзан шикізат көздері, арзан еңбек қолдары, шекараның кенеюі т.б факторлар жатыр өзінің шарықтау шегіне империализм кезеніне сай келеді. Жалпы импермализм түсінігінің баламасы

Зерттеу өзектілігі Қазіргі әлем сахнасында орын алып жатқан мемлекеттердің орналасу тәртібін анықтап, олардың арасындағы өзара саяси байланыстары арасындағы заңдылықтарды сипаттау. Сонымен қатар мемлекеттердің өзара әлеуметтік, экономикалық, сауда, ақша айналым жүйелеріндегі байланыстарды сипаттау.

Зерттеу мақсаты Ұлы географиялық ашылулар мен олардың Еуропа және Америка елдеріне тигізген әсеріне сипаттама беру.

Зерттеу міндеттері

  • империалистік экспансия және оның екі кезеніне сипаттама беру;
  • классикалық деколаннизация және оның шарықтау шегін сипаттау;
  • отарланған және отарлаушы мемлекеттер типтерін және олардың бір бірін алмасу кезендерін ашу;
  • жана және қазіргі заманның ұлы теңізшілерін және саяхатшылар қызметіне сипаттама беру.

Зерттелу деңгейі Классикалық империализм жайлы В.И. Лениннің 1916 жылы жарық көрген Империализм как высшая стадия капитализма еңбегінде жақсы қасрастырылған. Ленин өз еңбегінде екі дерек көздеріне сүенген еді, оның біріншісі австриялық марксист Р. Гильфердинг және атақты ағылшын жазушысы Дж. Гобсон еңбектері болған еді. Бірінші автордан ол жана империялық кезенде қаржылық капитал жайлы идеяны алып оны одан әрі дамытуға арналған жұмыс істеді. Сонымен қатар куртсық жұмысты жазу барысында В.А.Колосов еңбектеріндегі отарлаушы метрополия мемлекеттер  және отарланған мемлекеттер типтері, отарлау барысын бірнеше кезенге бөлу, деколанизация және оның шарықтау кезені осы және басқа да тихшы геогрофтар еңбектерінде айқын бейнеленеді. Жана және қазіргі заман теңізшілерінің қызметін мен өмірін баяндау барысында Е.Н. Авадеева еңбектерін пайдаланған болатынмын. Кривогуз И.М еңбектерінде жана және қазіргі заманның Еуропа мен Америка елдерінің тарихы, даму тенденциялары, алғаш капитал қорларын жинақтау кезені, отарланған мемлекеттер отарлаушы мемлекеттерге тигізген әсері, ал Родригес еңбегінде керісінше отарланған мемлекеттер кейпі олардың терең дағдарысқа түсуі, Еуропа мен Америка елднрінің оларды қншалықты отарлап әлеуметтік, экономикалық және саяси терең дағдарысқа түсіргені жайлы баяндалады

Зерттеу обьектісі Ұлы георафиялық ашылулар мен Америка және Еуропа елдерінің даму байланысы.

Зерттеу тәсілдері Курстық жұмысты жазу барысында ғылыми ізденістердің жалпы дидактикалық танымдық әдістермен қатар арнайы ғылыми әдістерді тарихылық принципін, жүйелік талдау, салыстырмалы тарихи талдау және салыстырмалы теңестірілген әдістерді қолдандым.

Курстық жұмыстың жаңалығы: Ұлы географиялық ашылулар орта және жана заманда бітті деп көзге көрінгенімен, қазіргі заман теңізшілерінің ашқан жаңалықтарын адамзат тарихы, геосаясат үшін тигізген әсері зор. Сонымен қатар деколанизация және оның шарықтау, гүлдену кезені де жана жан- жақты жағынан бейнеленген. Империалситік- метрополия мемлекеттер дің типтері, олардың қашан және қалай бір- бірін алмасуы, отраланған мемлекеттер типтері, олардың классификациясы, қашан және қай мемлекетке бағыншыты болғандығын ашуға тырыстым.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың бірінші тарауында ипмериалистік экспансия және оның бірінші және екінші кезеніне сипаттама беріледі, екінші тарауында деколонизация және оның шарықтау шегі, аса дамыған кезеніне, отарлаушы экспансиялы метрополия мемлекеттер және отарланған мемлекеттер типтері анықталды, үшінші тарауында жана және қазіргі заманның теңізшілерінің және саяхатшыларының өмірі және қызметіне, ашқан жаңалықтарына сипаттама беріледі.

Іздеу