Феодализм түсінігі (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Феодализм түсінігі 5
2 Феодализм дәурінің негізгі мазмұны 9
2.1 Феодалдық діни философиялық көзқарастар 9
2.2 Феодалдық өндіріс 15
3 Феодализм дәуірінің тарихи маңызы 22
Қорытынды 26
Қоладынған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Тарихи ғылымда феодализм дәуірінің басы ретінде құли иеленуші Батыс Рим империяның құлау (V ғ.), ал аяғы ретінде Ағылшын буржуазиялық революция саналады Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы экономикада, әлеуметтік және саяси құрылыста маңызды өзгерістермен сипатталады. Осы өзгерістерге сай феодализм дәуірін бірнеше кезеңдерге бөледі:

  • Ерте ортағасырлар кезінде өндірістің феодалдық түрі пайда болады;
  • Классикалық ортағасырларда дамыған феодализм дәуірі;
  • Кейінгі ортағасырлар феодализмнің құлдырауы және капиталистік өндіріс тәсілінің пайда болуы.
  • Мемлекет феодалдық қоғамның саси ұйымы ретінде оның экономикалық мәнін анықтап экономикалық процесстердің динамикасын анықтаған.
  • Орта ғасырлар ол феодализмнің тууы, үстемдік етуі және құлдырау кезеңі.

Феодализм сөзі feodum – жер үлесі деген мағынаны білдіреді, ортағасырларла Батыс Европа елдерде бұл сөзюен фоедалдық қызмет атқарған кезде сюзерен өз вассалына беретін жер үлесі. Қазіргі замаңғы маркстік емес тарихнамада феодализмнің алуан түрлі сипаттамалары беріледі, бір зерттеушілер заңды тұжырымдаманы есепке алын феодализмнің негізгі белгілерін келтіреді:

  • Саяси бытыраңқылық;
  • Биліктің иерархиялық құрылымы;
  • Вассалитет;
  • Корпоративтілік
  • Басқалары феодалдықты кешенді түрде қарастырады және аталған белгілерге қоса келесілерді келтіреді:
  • Ірі жер иеленушілік;
  • Шаруалар сеньоралды қатынастар

Жалпы алғанда саяси және заңды  құрылымдарға, феодалды қоғамның ментальдылығына аса назар аударылады. Феодалдық мемлекеттің дәстүрлі типі монархия болды. Ортағасырларда билік формасы ретінде республикалар да пайда болды, Италия,Германияда, Русьте. Дегенмен олар ірі этникалық құрылыстар ретінде дамыды, келешекте оларды ірі мемлекеттер басып алатын. Маркстік тарихнамада феодалдық антагонистік қоғамдық экономикалық формация ретінде қарастырылып, ол құл иеленушілік құрылыстан кейін және капиталистік құрылысқа дейін пайда болған дәуірді сипаттайды.

Маркстік тарихнама феодалдықтың басты белгілері ретінде келесілерді келтіреді:

  • Натуралды шаруашылықтың үстемдігі;ірі және ұсақ жер иеленудің бар болуы;
  • Шаруалардың феодалдардан жек ебасы тәуелділігі;
  • Яғни экономикалық емес мәжбүрлеу;
  • Техниканың құлдыраушылық сипаты
  • Ортағасырлар дәуіріндемемлекеттер күрделі эволюцияны бастан кешіреді.
  • Зерттеушілер Батыс Еуропада феодалдық мемлекеттің дамуында келесі кезеңдердіажыратады:
  • Ерте феодалды мемлекет (V-IX ғғ.);
  • Феодалдық бытыраңқылық дәуірі (V-XIII ғғ.);
  • Сословиелік монархия түріндегі орталықтанған феодалдық мемлекет (XIII-XV ғғ.);
  • Феодалдық абсолюттық монархия (XVI-XVIII ғғ.).

Зерттеу мақсаты: феодализмнің мәнін зерттеу

Зерттеу міндеттері:

  • Феодализм түсінігін ашу;
  • Феодализм дәурінің негізгі мазмұнын зерттеу;
  • Феодалдық діни философиялық көзқарастарды талдау;
  • Феодалдық өндіріске сипаттама беру;
  • Феодализм дәуірінің тарихи маңызын ашу

Іздеу