XX-шы ғасырдың ІІ-ші жартысындағы Германия (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Германия ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін әлемдік сахнада
2.2. Демократиялық Германия Республикасының құрылуы.
2.3. Федеративті Германия Республикасының құрылуы.
2.4. Г.Коль үкіметі және ГДР-дың дағдарысы.
2.5. Германияның бірігуі.
2.6. Бүгінгі таңдағы бірікен Германия.
ІІІ. Қорытынды.


Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Германия. Оның бүгінгі таңдағы орны, жаңа тарихы. Тақырыбымның өзектілігі бұл шағын ғана мемлекет, шекарасында аса ірі, мықты Дания, Польша, Чехия, Австрия, Швейцария, Франция, Люксембург, Бельгия, Нидерланды секілді көптеген мемлекеттер қоршасада, ІІ-ші дүние жүзілік соғыстан кейін үлкен күйзеліспен, жалпы адамзат үшін жексұрын болған, ауданы 356733 км 2 ғана шағын ел қазіргі уақытта аса ірі державалардың, Европаның саясатының орталығы болып отыр.

Мақсатым – осындай ауыр жағдайдан мынадай беделге ие болуға жеткен Германияның жарты ғасырлық хронологиясын, даму жолын ашып көрсету.

Міндетім – бұл тақырып жайлы жазылған барлық әдебиет көздерін, ақпараттарды ( әсіресе баспа материялдарды ) дұрыс қолданып, дәріс сабақтарында алған білімімді өздік ірі масштабты жұмысымда барынша қолдану.

Негізінен көптеген әдебиеттер Кеңес дәуірінде жазылғандықтан, Демократялық Германия Мемлекетінің даму сатысын, көрінісін тым жоғарыңқы жазылған. Сондықтан кейін шықан әдебиеттермен, баспа материялдармен салыстыруды қажет етті. Мен әсіресе “ Жаңа тарих ” кітабын кеңінен қолдандым. Ондағы барлығы терең және жаңа демократиялық көзқараста жазылған. Сонымен қатар “ Жаңа және қазіргі заман тарихы ” атты журналдарындағы материялдар жақсы көмекші құрал бола алды. Бұл жұмыс ІІ дүние жүзілік соғыстан Германияның бүгінгі таңға дейінгі кезеңін қамтиды.

Іздеу