Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мазмұны
1.1
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат түсінігі
1.2 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
2 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
2.1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
2.2 Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
3 Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Елді индустриялау, өндірісті жаңғырту, өндіріс пен технологиялық процестердің жаңа түрлерінің пайда болуы еңбекті қорғау саласында жаңа әрі күрделі міндеттерді қойып отыр.

Қазіргі өмір мен тәжірибе қандай да бір өндіріс ерекшеліктерін тереңірек ұғыну қажеттігін, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша нақты талаптарды зерделеп, қадағалау нәтижелерін қорытындылауды, оларды негіздеп, ғылыми-негізделген гигиеналық нормативтерді әзірлеуді өктем талап етеді. Мамандандырылған ғылыми-зерттеу базасын жасамай әрі отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделемей, өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларды азайту, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды арттыру шараларын әзірлеу және т.б. мүмкін емес

Экономиканың әртүрлі салаларында өндірістік жарақаттанушылықтың өзекті екендігі күмән туғызбайды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мен қызметкерлерге тиесілі еңбек жағдайларын жасау барлық мемлекеттер үшін маңызы зор проблемалардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір жұмыскер қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін жағдайларда еңбек етуіне құқылы деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 1999-2007 жылдар ішіндегі өндірістік жарақаттанушылықтың жай-күйі талдау жасалған жылдар ішінде зардап шеккен адамдардың жалпы саны 22 %-ға азайып, 2892-ні құрағандығын көрсетіп отыр.

Дегенмен де, соңғы бес жыл ішінде зардап шеккен адамдардың арасында қайтыс болғандардың саны жоғары болып қалуда, орташа есеппен алғанда, жылына 400 адам, 2006 жылы – 470 және 2007 жылы – 408 қайтыс болады.

1999-2007 жылдар кезеңі ішінде жалпы өндірістік жарақаттану жиілігінің коэффициенті 1000 жұмыс істейтін адамға шаққанда талдау жасалып отырған кезең ішінде 1,7 есе азайды және 2007 жылы 0,64 –ті құрады. Өлім-жітімге әкеп соққан өндірістік жарақаттану жиілігінің коэффициенті 1000 жұмыс істейтін адамға есептегенде жоғары – 0,09 деңгейде қалып отыр және Еуроодақ елдерінің тиесілі көрсеткіштерінен 2-2,5 есе артық.

Өндірістік жарақаттанушылықтың деңгейі елдің әлемдік тұрғыдағы бәсекеге қабілеттілігін сипаттайды. Әлемдегі 27 ел бойынша өндірістің бәсекеге қабілеттілігі мен жарақаттану жиілігі коэффициентінің өзара байланысы туралы деректерден өзара байланыстылықтың болуын, коэффициент азайған сайын, өндірістің бәсекеге қабілеттілігі артып отыратындығын көруге болады

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес ең ауыр жарақаттар металлургия өнеркәсібі және металлургия өнімдерінің өндірісі кәсіпорындарында алынған, оларда орташа есеппен әрбір зардап шегушіге 41 еңбекке жарамсыздық күнінен, одан әрі отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіру кәсіпорындарында – 40 жұмыс күнінен, құрылыс кәсіпорындарында – 38 күннен, отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісін қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 36 күннен, көлік және байланыс кәсіпорындарында – 35 күннен және сусындарды, табакты қоса алғанда, тамақ өнімдерінің өндірісінде – 28 күннен келеді.

Осы мәліметтер  курстық жұмыстың зерттеу өзектілігін анықұтады, яғни еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік деңгейге көтеріп арнайы мемлекеттік  саясатты қалыптастырудың маңызы зор болып табылады.

Осыдан зерттеу жұмысының мақсаты: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мемлекеттік саясатын зерттеу.

Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың мазмұнын зерттеу;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат түсінігін ашу;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды зерттеу;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктерін талдау;
  • Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауына талдау жасау.

Іздеу