Электр станцияның қуаттылық баланс талдауы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Электр станцияның қуаттылық баланс талдауы
2 Электр станцияның электрлік жүктеменің динамикалық жылдық графигін салу
3 Электр станцияның еркін қуаттылығын анықтау
4 Қуаттылықтың қажетті жөндеу қорын анықтау
4.1 Электр станция негізгі жабдығының ағымдағы жөндеудің қуаттылық қоры
4.2 Электр станцияның негізгі жабдығын күрделі жөндеу үшін қуаттылық қоры
5 Электр станцияның шұғыл қор қуаттылығын анықтау
6 Электр станцияның жабдықты жөндеудің жоспар-графигін құру
7 Станцияның электр жүктемені тасу дайындығы
8 Электр станция жабдығының жөндеу шығындарын анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі


Кіріспе

Электростанцияның негізгі қорларының тозуы оларды қолдану барысында болады. Жабдықтың қалыпты физикалық тозуы (механикалық, жылулық, қажулық, коррозиялық) жабдықтың белсенді жұмысынан, физико-химиялық процестермен, өндіріспен байланысты, сонымен қатар табиғи факторлар әсерінен, ылғалдық, температураның өзгеруінен және т.б. болады.

Физикалық тозу жабдықтың пайдаланым сапасының төмендеуіне әкеледі – қуаттың төмендеуі, отын шығыны мен материалдар пайдаланымының өсуі. Физикалық тозу нәтижесінде энергетикалық жабдықтың пайдаланым сапасы төмендейді. 

Құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстары, негізгі қордың басқа да элементтері сияқты – қажетті өндірістік процесс. Оған құрал жабдықтарды пайдаланулық дайындық жағдайы, өндірістік қуатты қалыпты деңгейде және қажетті пайдаланулық сапада сақтау жұмыстарының жиынтығы кіреді.

Құрал-жабдықтардың физикалық тозуы біркелкі емес болады. Жеке бөлшектер әр түрлі уақытта қызмет етеді. Машинаның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір қызмет мерзімі ішінде дара бөлшектерді оқтын-оқтын ауыстыру қажет. Бөлшектер қызмет мерзіміне қарай бөлінеді, бұл оның құрал-жабдықтарының жұмыс істеуінің күнтізбе-аумақтық кестесін құруға жағдай туғызады және оның пайдаланулығын әр жыл сайын жөндеу жұмыстарына кететін қажетті шығындарды сипаттайды.

Іздеу