Электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
І тарау. Электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері
1.1 Жел энергиясы
1.2 Өзендер энергиясы
1.3 Геотермалдық энергия
1.4 Гидротермалдық жүйелер
1.5 Вулкантекті ыстық жүйелер
1.6 Жоғары жылу ағындағы жүйелер
ІІ тарау. Үй жануарлаының экскременттерінен бөлінетін биогаздың құрамы
2.1 Анаэробты процесстердің шығуы
2.2 Экскременттердің метагенезінің технологиялық схемасы
ІІІ тарау. Биогаздың қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиет


Кіріспе

Энергияның физикалық түсүнігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси және тағы басқа да түсініктері бар.

Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ традициялды табиғи отындардың  (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және традициялды емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану.

Бұл ғылыми жобада электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері қарастырылады. Жер астынан алынатын отын түрлерінің азаю салдарынын жаңартылып отыратын энергия түрлері қолдануда - бұл энергия формалары өзінің жиналған қорымен шектелмеген. Осындай типті энергияның қолдануы энергия қорының азаюына әкелмейтінін білдіреді.

 Жобаның мақсаты - ауыл шаруашылығында қолдануға болатын үй жануарларының қилары, құс саңғырығы анаэробты жағдайда ашыған кезде бөлініп шығатын биогаздардың энергиясының мөлшерін есептеп, оны электр энергиясына айналдырудың жолдарын қарастыру.

Ғылыми жобада қарастырылған энергияны түрлендіру схемасын «экоэнергетика» деп атауға болады, бұл термин қоршаған ортаны ластамай таза энергияны пайда қылатын әдістеді білдіреді. Ауыл шаруашылығында қажет органикалық тыңайтқыштардың пайда болуы, табиғи жағдайда өсімдіктермен жақсы өндірілетін көмірқышқыл газының пайда болуы электр энергиясын  биогаздардан алуға деген сөзге қолдау береді.

Іздеу