Міндеттемелерді орындау (Мәлімет)

§ 1. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
§ 2. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ СУБЪЕКТІЛЕРІ
§ 3. ОРЫНДАУ ПӘНІ
§ 4. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫҢ МЕРЗІМІ, ОРНЫ, ТӘСІЛІ
МШДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

§1. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ УҒЫМЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
§ 2. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ
МІНДЕТТЕМЕНІҢ БҰЗЫЛҒАНДЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

§ 1. МІНДЕТТЕМЕНІҢ БҰЗЫЛҒАНДЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫ
§ 2. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ НЕПЗДЕРІ (ЖАҒДАЙЛАРЫ)
§ 3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
§ 4. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МӨЛШЕРІ
МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ
§ 1. МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУДЫҢ ТҮСІНІП
§ 2. МІНДЕТТЕМЕНІҢ ТОҚТАТЫЛУЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ӘДІСТЕРІ


  • 1. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Міндеттемені орындаудың алдына қоятын максаты болады. Міндеттемені орындау аркасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдык жәнеруханиқажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.1

Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК-тің 272-291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.

Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оган міңдеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені зандардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда  дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орында-луы тиіс.

Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтардың келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз онын саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімі мен тәсіліне қатыс-ты талаптар мен шарттарды дәлме-дәл сактай отырып, орын-дау болып саналады.

  • 2. МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге, заңда, міңдеттеме шартыңда, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндет-теменің орындалуын үшінші жакка жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті (АК-тің 276-бабының 2-тар-мағы).

Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.) несие беруші үшінші жактын ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.

 Шарттан туындайтын міндеттемені орыңдау үшінші жакка, егер арнайы ережемен каралмаса, толыктай немесе ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес жүкті жөнелтуші оны тасымалдайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірак көлік жарғыларына сәйкес жүкті тасымалдау міндеттемесі калғанкөлік орындарына (баска теміржол, кеме) жаңа шарт жасамай-ак жүктеледі.

Заңда көрсетілген ретте үшінші жақ, Азаматтық кодекстің 339347-баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышкордың келісімінсіз-ак несие берушінің талаптарын өз есебінен канағаттандыра береді.

Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салу құқығы жөне басқа құқықтары) айырылу каупі төнген жағдайда үшінші жакка беріледі. Мәселен, қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші алдында қарызы бар екендігін және оны өндіртіп алу ниетін білсе, сондай-ақ жалға алу өзіне тиімді деп есепте-се, онда жалға берушінің келісімісіз-ақ оның қарызын төлеп тастайды. Бүдан кейін жалға алушының міндеттемедегі жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға міндетті. Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.

  • 3. ОРЫНДАУ ПӘНІ
  1. Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетінде зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады.

Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылык қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар т.с.с. Демек, борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет кәрсету, несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді колға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде орын-дау болуы мүмкін емес.

Міндеттемені тиісінше орындау үшін борышқор міндеттемеде керсетілген пәнді орындауға тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышкор беруге тиіс заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі.

  1. Міндеттеменің пәні: кейбірінде жеке белгіленген затты беру, ал кейбіріндетектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы ақшалы міндеттеме, яғни белгілі бір акша сомасын төлеуді талап ететін міндеттеме.

Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар заңда қарастырылған. Ақшалай міндеттемені орындаудың кейбір ерекшеліктері болады. Акшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуге тиіс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сома Қазақстандық банка-ралық валюта биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға сай келуі қажет.

Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берушілердің мүддесін қорғайды.

Іздеу