Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

 Кіріспе
1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері
2. Міндеттемені орындау субъектілері
3. Орындау пәні
4. Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі
5. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің уғымы мен әдістері
6 Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері
6.1 Айып төлеу
6.2 Кепіл
6.3 Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу
6.4 Кепіл болушылық
6.5 Кепілдік
6.6 Кепілпұл
Қорытынды
Әдебиеттер 24


Кіріспе

Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Міндеттемені орындаудың алдына қоятын максаты болады. Міндеттемені орындау аркасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдык жәнеруханиқажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.1

Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК-тің 272-291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.

Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оган міңдеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені зандардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда  дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты міндеттемелерді орындау және міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді зерттеу

Міндеттер

  • Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптерін зерттеу;
  • Міндеттемені орындау субъектілерін анықтау;
  • Орындау пәнін зерттеу;
  • Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсіліне талдау жасау;
  • Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің уғымы мен әдістерін талдау;
  • Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерін зерттеу;
  • Айып төлеуді талдау;
  • Кепіл, Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу, Кепіл болушылық, Кепілдік, Кепілпұлға сипаттама беру

Іздеу