Міндеттемелік құқық, шарт туралы жалпы ережелер (Мәлімет)

МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ
§1.МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
§ 2. МІНДЕТТЕМЕНІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕПЗДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
§ 3. МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ
ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
§1. ШАРТТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
§ 2. ШАРТТЫҢ ТҮРЛЕРІ
§ З.ШАРТТЫҢ МАЗМҰНЫ
§ 4. ШАРТТЫ ЖАСАУ
§ 5.ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ


МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ

  • 1.МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
  1. Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не ? Біз оны қалайтүсінеміз ? Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінін) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті", деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме  несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты құқықтық қатынасқа жатады.

Екіжакты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда  талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып карағанда  міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Заңгерлер: талап етуді "міндеттемелік құқық" деп атайды. Бұл  "екіжақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге құқылы" деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бәліктері болады: олар  субъект, мазмұн және объект.

  1. Ал, енді, міндеттемеиің субъектілері кімдер? Бұл туралы Азаматтықкодекстің тағы да сол 268-бабында тайға таңба бас қандай: "Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші" деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама беретін болсак, борышқор белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тартатұратын жақ; несие беруші борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ.

Етер заң кұжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар  азаматтар, занды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атауларымен нұскаланады.

Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышкор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты  көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288 - баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.

  • 1. ШАРТТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
  1. Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.

Азаматтықкодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, ейткені, мәміле бір жакты болуы мүмкін.

Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен кызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлык шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.

  1. Шарт еркіндігі. Азаматтықзаңныңнегізгі бастауларынын бірі Азаматтықкодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы).

Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтканда:

1) шартты жасау не жасамау;

2) шарт бойынша серікті жақты таңдау;

3) шарттың түрін таңдау;

4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.

Тараптар зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы).

Іздеу