Ортақ меншік ұғымы мен түрлері (Реферат)

Кіріспе 3
1. Ортақ меншік ұғымы мен түрлері 4
2. Ортақ меншіктің түрлері 5
3. Ортақ үлестік меншік 6
4. Ортақ бірлескен меншік 10
5. Ортақ меншік құқығын тоқтату 15
Қорытынды 20
Әдебиет 21


Кіріспе

Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінін мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) кожалығы мүшелерінін бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс кұрал-жабдыктары бөлінуге жатпайды (АК-тің 225-бабы, 2-тармағы).

Бөлінетін мүлікке ортак меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады (АК- тің 209-бабы, 4-тармағы).

Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақ-талған заттарды жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б. жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң кұжаттарымен айқындалады.

Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар зандық ерекшеліктерге ие болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: ортақ меншіктің құқықтық реттелуі зерттеу

Міндеттер

  • Ортақ меншік ұғымы мен түрлерін анықтау;
  • Ортақ меншіктің түрлерін зерттеу;
  • Ортақ үлестік меншікке сипаттама беру;
  • Ортақ бірлескен меншікке сипаттама беру;
  • Ортақ меншік құқығын тоқтатуды анықтау.

Іздеу