Салық қаржылық құқықтық категория ретінде (Реферат)

Кіріспе 3
1 Салық қаржылық құқықтық категория ретінде.
Салық төлемдерінің үлгілері.
Салықтың өзге төлемдерден айырмашылығы 4
2 Салықтың қызметтері, түсінігі, түрлері.
Фискалды, реттеуші, әлеуметтік, бақылау қызметтері 8
3 Салық төлемдерінің топтастырылуы 10
4 Салықтың коғам өміріндегі әлеуметтік экономикалық рөлі 12
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19


Кіріспе

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар (оның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер( мен материалдық емес активтер салық объектісі болып табылады.

Зерттеу мақсаты: салық құқығының негіздерімен танысу.

Міндеттері:

  • Салық қаржылық құқықтық категория ретінде қарастыру, салық төлемдерінің үлгілерін келтіру, салықтың өзге төлемдерден айырмашылығын талдау;
  • Салықтың қызметтері, түсінігі, түрлерін анықтау, фискалды, реттеуші, әлеуметтік, бақылау қызметтерін зерттеу;
  • Салық төлемдерінің топтастырылуын көрсету;
  • Салықтың коғам өміріндегі әлеуметтік экономикалық рөлін талдау.

Іздеу