Сот сараптамасының сипаттамасы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы
2 Құжаттардың сот сараптамасы.
3 Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
4 Сот-экономикалық сараптама.
5. Сот тауартану сараптамасы.
6. Сот құрылыс сараптамасы.
7 Сот технологиялық сараптама.
8 Жарылыс техникалық сот сараптамасы
9. Сот биологиялық сараптама.
10 Психологиялық криминалистикалық сот сараптамасы
11. Өрт техникалық сот сараптамасы
12 Іс жүргізу құжаттарының үлгілері
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Ұлттық заңдарға сәйкес сараптамаларды мынадай негіздер бойынша жіктеу көзделген:

сарапшылардың саны бойынша – жеке (АІЖК‑нің 249‑бабы) және комиссиялық (АІЖК‑нің 249‑бабының 3-бөлігі) сараптамалар;

пайдаланылатын білімнің сипаты бойынша – біртекті (АІЖК‑нің 249‑бабы) және кешенді (АІЖК‑нің 250‑бабы) сараптамалар;

жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша – негізгі (АІЖК‑нің 249‑бабы) және қосымша (АІЖК‑нің 255‑бабының 1-бөлігі) сараптамалар;

жүргізудің реттілігі бойынша – алғашқы (АІЖК‑нің 240‑бабы) және қайталама (АІЖК‑нің 255‑бабының 3-бөлігі) сараптамалар.

Бұған қоса, сот сараптамасының теориясы мен тәжірибесінде басты зерттеу нысаны бойынша сараптамаларды жіктеудің рөлі зор. Сыныптар тектерге бөлінеді, ал сот сараптамаларының тектері өз кезегінде түрлерге ажыратылады. Олардың әрқайсысына сай келетін зерттеудің нысаны, объектілері мен әдістемелері бар.

Курстық жұмыстың мақсаты соттық сараптаманың ерекшелігін зерттеу

Міндеттер ретінде келесі мәселелер зерттелінді

  • Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы
  • Құжаттардың сот сараптамасы.
  • Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
  • Сот-экономикалық сараптама.
  • Сот‑тауартану сараптамасы.
  • Сот құрылыс сараптамасы.
  • Сот‑технологиялық сараптама.
  • Жарылыс‑техникалық сот сараптамасы
  • Сот‑биологиялық сараптама.
  • Психологиялық‑криминалистикалық сот сараптамасы
  • Өрт‑техникалық сот сараптамасы
  • Іс жүргізу құжаттарының үлгілері

Іздеу