Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Талап қою
2 Талап арызды қабылдау
3 Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері
4 Істі сотта талқылауға дайындау
5 Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау
6 Істі қарау кезінде басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындау
7 Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу
8 Әр тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау
9 Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі. Талап бұзылған немесе дауланған құқықты қорғаудың іс жүргізу құралы болып табылады, ал бұзылған құқықты қорғау іске асырылатын нысан талаптық нысан деп аталады. Құқықты қорғаудың талаптық нысаны үшін төмендегілер тән:

материалдық-құқықтық талаптың болуы;

субъективтік құқық туралы даудың болуы;

қарама-қайшы мүдделері бар екі тараптың болуы.

Талап элементтері – талаптың мазмұнын айқындайтын оның құрамдас бөліктері. Талап элементтеріне қорғау тәсілі мен болашақ сот шешімінің сипаты байланысты болады. Талап элементтеріне төмендегілер жатады:

мән – осыған қатысты талапкер соттан қорғауды сұрайды (яғни, бұл талапкердің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабы немесе олардың арасындағы бүкіл материалдық құқықтық қарым-қатынас).

талаптың негізі – істің талапкердің дәлеліне негіз болатын мән-жайлары, талапкер өзінің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабын немесе талаптың мәнін құрайтын тұтас құқықтық қарым-қатынастарын, яғни талаптың қайда бағытталып отырғанын заңдық фактілер ретінде осы мән-жайлармен байланыстырады.

талаптың мазмұны – сот арқылы қорғау түрі (тәсілі), талапкердің сотқа талабы, олар талап арыздың өтініш бөлігінде көрініс табады.

Процессуалдық жағын, талап қою құқығының бар-жоғын судья талап арызды қабылдаған кезде тексереді. Егер талапкерде талап қою үшін іс жүргізу құқығы болмаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Талап қою құқығының материалдық-құқықтық жағы сотта қаралу барысында тексеріледі және анықталады.

Іздеу