Трансұлттық есірткі қылмыстылығының теориялық негізі мен жалпы сипаттамасы (Реферат)

Кіріспе
1 Трансұлттық есірткі қылмыстылығының теориялық негізі мен жалпы сипаттамасы
1.1 Трансұлттық есірткі қылмыстылығымен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
1.2 Трансұлттық есірткі қылмыстылығының криминалистикалық сипаттамасы
1.3 Трансұлттық есірткі қылмыстылығының жедел іздестіру және қылмыстық іс жүргізу сипаттамасы

2 Трансұлттық есірткі қылмыстылығын ашудағы және тергеудегі Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттерінің ұйымдастырушылық негіздері
2.1 Трансұлттық есірткі қылмыстылығымен күресудегі халықаралық қатынастың құқықтық мәселелері
2.2 Трансұлттық есірткі қылмыстылығын ашудағы және тергеудегі Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттерін криминалистикалық қамтамасыз ету
Қорытынды
Әдебиеттер


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылып отырған зерттеу қазіргі қоғамдағы маңызды әлеуметтік және құқықтық проблемалардың бірі ретінде танылатын есірткі қылмыстарын анықтау, ашу және тергеу мәселелерімен тікелей байланысты. Ұлттық генофондты сақтау, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер жайындағы мәселе қайсыбір қоғам мүшесін де толғандырмай қоймайды. Бұл еңбекте дау-дамайлы, шешімін таппаған қылмыстық істерді қосымша зерттеу және тиімді ұсыныстар жасау мақсатында есірткі заттарының заңсыз айналымымен тікелей байланысты қылмыстарды ашу және тергеу ісінде Орталық Азия өңірі елдерінің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттенуін ұйымдастырудың тактикалық ерекшеліктері қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу мәселелері қазіргі заман үшін маңызды әлеуметтік және құқықтық проблемалардың бірі.

Елбасы нашақорлық және есірткі саудасымен күресті басты стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде былайша атап өткен: «...есірткі мәртебесінің анағұрлым биікке көтеріліп кеткенін соңғы жүзжылдық әрі сезінуге, әрі мойындауға мәжбүр етті: есірткі жеке адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін «дәрі дәрмек» болудан асып, енді көптеген мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне тұрақты түрде төнген әлеуметтік қоғамдық қатерге айналды. Соңғы уақытта есірткіге қатысты Қазақстандағы ахуал ұдайы күрделене түсуде, әрі жуық арада ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы проблемалардың біріне айналатыны күмәнсіз.

Бүгіннің өзінде, есірткі бизнесі Қазақстанда әлеуметтік мәні зор проблемаға айналғанын, қоғамның азаматтық жай-жапсарына кері әсер етуде екенін, оның экономикалық даму және әлеуметтік прогреске де  деструктивті ықпал етіп отырғанын атап өту қажет. Қалыптасқан жағдайдың күрделілігін және халықаралық есірткі индустриясынан туындап отырған Қазақстанға да қатысты қатердің деңгейін ескергенде, есірткіге қарсы күрес және оны бұғаулау әдістері біз үшін кезек күттірмейтін әрі өмірлік маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады» [1].

Бұл жағдайлар есірткіге қарсы мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саяси іс шаралардың әлі де әлсіздігін көрсетеді. Осы орайда, есірткінің заңсыз айналымы мен нашақорлыққа қарсы күресті тиімді әрі ұтымды деңгейде жүргізу шарасы қалыптасқан күрделі жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермеудің бірден бір амалы болып табылады.

Бірақ бұл жайт та бүгінгі күрделі ахуалдың толықтай шешімін табу үшін жеткіліксіз. Оның басты себептерінің бірі құқық қорғау қызметі субъектілерінің анықтамалық, аналитикалық және реттеушілік жұмысын ұйымдастыру ісінің қажетті деңгейде болмауында.

Есірткілердің контрабандасы мен оларды саудалау әлемдік бизнеске айналды. Есірткілермен сауданы ұйымдастырушы корпорацияның жылдық кірісі шамамен 400 миллиард АҚШ долларын құрайды. Соңғы жылдары елімізге көп мөлшерде есірткілер әкелінуде. Жағдайды есірткілік шикізат марихуананың базасы болып табылатын Шу даласының еліміздің аумағында болуы күрделендіреді. 

Криминалистика әдебиеттерінде қылмысты ашу мен тергеудегі құқық қорғау органдарының өзара әрекеттену мәселелері қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда: М. Абисатов, Т.К. Айтмұхамбетов, А.Ф. Аубакиров, Н.Ә. Әбдиканов, Н.М. Әбдіров, Б.Ә. Әбдірахманов, К.А. Бегалиев,                     О-Р.Б. Бижигитов, Б.М. Бишманов, С.Ф. Бычкова, А.Я. Гинзбург, А.Н. Джумабеков, Е.Ғ. Жәкішев, С.Е. Еркінов, С.А. Исимов, А.А. Исаев, Е.І. Қайыржанов, М.Ч. Қоғамов, Қ.М. Кучуков, Ш.М. Мажитов, Г.А. Мозговых, Б.М. Нұрғалиев, С.Д. Оспанов, Г.С. Оспанова, Г.И. Поврезнюк, Б.А. Салаев, Б.С. Сарсеков, Б.Х. Төлеубекова, Қ.Ш. Уканов, Ж.Т. Успанов, К.Н. Шакиров, А.Ж. Шпекбаев және т.б. еңбектерінде әр қырынан қарастырылған.

Есірткі қылмысын тергеуде тергеушілер мен анықтама органдарының өзара әрекеттенуінің жан-жақты аспектілері Т.В. Аверьянова, Р.О. Авакян, В.М. Алиев, В.М. Атмажитов, Г.А. Ахмедов, Н.Р. Ахрамов, Р.С. Белкин, Е.С. Безрукий, Т.А. Боголюбова, А.Ф. Волынский, Н.Н. Гапанович, Э.Г. Гасанов, И.Ф. Герасимов, В.Ф. Горелкин, Ю.М. Денисов, Л.Я. Драпкин, Ю.М. Ермаков, К.А. Исаева, С.А. Исаков, М.М. Кадыров, Л.М. Карнеев, О.Д. Ким, Ю.М. Корухов, К.Ш. Курманов, В.П. Новиков, Б.Б. Ногойбаев, К.М. Осмоналиев, Н.Е. Павлов, В.И. Пархоменко, А.Л. Репецкая, Л.И. Романова, В.Е. Сидоров, А.В. Симоненко, М.С. Строгович, А.А. Чувилев, Р.М. Хакимов және өзге де Орталық Азия өңірі мен ТМД елдерінің белгілі ғалымдарының еңбектерінде айқын көрініс тапқан.

Есірткі қылмыстылығына қарсы тұрудың құқықтық және ұйымдастырушылық шараларын кешенді және мақсатты түрде зерттеу жұмыстары Н.М. Әбдіровтің, ал трансұлттық қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша құқық қорғау органдарының өзара әрекеті туралы мәселелер бойынша С.Е. Еркіновтің жетекшілік етуімен бірқатар зерттеу жұмыстары жүзеге асырылу үстінде.

Іздеу