Тұлға - азаматтық құқықтардың субъектісі (Реферат)

Кіріспе 3
1 Тұлға - азаматтық құқықтардың субъектісі 5
2. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі 6
3. Азаматтық құқық қабілеттілігі 6
4. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 8
5. Қорғаншылар мен қамқоршылардың
құқықтары мен міндеттері 11
6. Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері 14
7. Хабар-ошарсыз кету 15
8. Азаматты өлді деп жариялау 16
9. Азаматтық хал актілері 18
Қорытынды 20
Әдебиеттер 21


Кіріспе

Азаматтық құқық "атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді) құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік  «цивилие» көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық кұкыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құкықтын римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан еуропалық құқықтануға еніп кана қоймай, заң терминологиясына  кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр.

Римде құкықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқыктардың классикалык аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: "жария құкық дегеніміз рим мемлекетінің құкықтык, мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді".

Қазақстан Республикасының қазіргі кұқық жүйесі жария және жеке құқық дел бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Курстық жұмыстың мақсаты тулғаны- азаматтық құқықтардың субъектісі ретінде зерттеу

Міндеттер

  • Тулғаны  азаматтық құқықтардың субъектісі ретінде зерттеу;
  • Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісін анықтау;
  • Азаматтық құқық қабілеттілігін талдау;
  • Азаматтардың әрекет қабілеттілігіне сараптама жасау;
  • Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттерін анықтау;
  • Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері жөнінде түсінік алу;
  • Хабар-ошарсыз кету, Азаматты өлді деп жариялау, Азаматтық хал актілері жөнінде мәселелерді талдау

Іздеу