Халықаралық құқық деректері (Реферат)

Кіріспе 3
1 Халықаралық құқық деректері түсінігі,
негізгі түрлері 4
2 Халықаралық келісім шарт халықаралық құқық
деректерінің негізгі түрі ретінде 5
3 Қазіргі халықаралық құқық жүйесі 8
4 Халықаралық құқықтың кодификациясы 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16


Кіріспе

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың  негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты.

Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге  нақты механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, әрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау  мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады.

Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда  ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді.

Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай деңгейде  азаматтар сол құқықтар мен  бостандықтарды пайдалана алуында.

Ал халықаралық деңгейде  адамдардың құқықтарын реттеп қадағалайтын институт ол халықаралық құқық деректері болып табылады.

Осыған байланысты зерттеу жұмысының мақсаты халықаралық құқық деректері жөнінде түсінік алу.

Мақсатқа сай міндеттер талқыланды:

Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;

Халықаралық құқық деректеріне анықтама беру;

Халықаралық құқық деректерінің түрлерін келтіру

Халықаралық құқық деректерінің негізгі түрі халықаралық келісім шартты зерттеу;

Қазіргі халықаралық құқық жүйесіне талдау жасау;

Халықаралық құқықтың кодификациясына шолу жасау.

Іздеу