Халықаралық құқықтағы адамның негізгі құқықтары және оларды жүзеге асыру жолдары (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

К І Р І С П Е
I БӨЛІМ. АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
1.2. Адам құқығының түсінігі.
1.2. Халық және азаматтық туралы түсінік.
1.3. Халықаралық құқықтағы босқындар мәселесі.
II-БӨЛІМ. Халықаралық құқықтағы адамның негізгі құқықтары және оларды жүзеге асыру жолдары
2.1. Адамның әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары
2.2. Адамдардың саяси құқықтары мен бостандықтары
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


К І Р І С П Е

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың  негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге  нақты механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, әрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау  мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда  ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді.

Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай деңгейде  азаматтар сол құқықтар мен  бостандықтарды пайдалана алуында.

Өкінішке орай, зейнеткерлердің, кәмелетке жасы толмаған балалардың, тағы сол сияқты халықтың  қорғаусыз қабатының қазіргі  жағдайлары қиын.  Әскерге  шұғыл щақыру, әскери қызметкерлердің  қорғау системасы дұрыс  қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі балалар  мекемелерінің жабылуы, мектептер, ауруханалардың және мәдени объектілердің қысқартулары, адамдардың дұрыс білім алу, дем алуға, емделуге мүмкіндіктерін шектеп тастады.

Көбінесе қазіргі кезде іс-тәжірибеде қылмыстық іс жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарының көп бұзылуының  оқиғалары кездеседі. Адам ар абыройын қорлайтындай  негізсіз ұстау, қамау оқиғалары аз емес. Адам құқық саласындағы әрекет ететін заңдарды білген жағдайда азамат өзінің Конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады.

Негізгі заңда көрсетілген Конституциялық қағидаларды өмірдің іс-тәжірибесіне араластыру үшін, республиканың әр азаматы өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда құқықтық көмек  алуға, қосымша құқықтық механизмдер құру қажет. Қажетті түрде адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін заңдардың жедел түрдегі билік басындағы саяси күштеріне тәуелсіз  әрекет етуін қамтамасыз ету қажет.

Адамдардың әрбір ұрпағы  өздерінің ұлы қазыналарын, яғни құқықтары мен бостандықтарын әрқашанда  белсенді түрде қорғап, сендіру керек.  Республикада адам әдет-ғұрпын, құқықтары мен бостандықтарын бағалау әлі де жеткіліксіз.  Сондықтан да адам құқықтарын ұлы қазына ретінде  тек қана сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде басшылыққа алуға  әлі көп уақыт керек.

Осы курстық жұмысты таңдап алғандағы  негізгі мақсатым, халықаралық құқықтағы адам құқығына  терең үңіле отырып, қазіргі кезеңдегі айтулы  келеңсіздіктер мен олқылықтардың  орнын алу жолдарын қарастыра отырып, осы құқықтар мен бостандықтарды  қорғауды жүйелі түрде ұйымдастыру  үшін қандай мәселелер шешілуі керек  екендігін талдадым.

Іздеу