Шетел азаматтық кұқығының негізгі ерекшеліктері (Мәлімет)

§1. ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР
§ 2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕГІЗГІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ
§ 3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕПЗП ЭЛЕМЕНТТЕРІ
§ 4. ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
§ 5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
§ 6. ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕП АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕПЗП ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


  • 1. ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Құқық пен заң шығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырамас бөлігі, сондыктан да басқа халықтар мен мемлекеттердін тарихи тәжірибесіне зерделей қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудің әрбір заңгер үшін, онын ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.

Маман-цивилист шетел азаматтық құқығымен коса халықаралык жеке құқықты да оқып-үйренуі керек.

Халықаралық жеке құқықдегеніміз мемлекеттің жеке ішкі заңдарын, халықаралық шарттар мен әдет-ғұрып нормалары-мен біріктіретін кешенді құқықтық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық-құқықтық жөне материалдык-құқықтық әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар қаты-настарды, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.1

Халықаралық жеке құқық азаматтық-құқықтық сипаттағы әрі мүліктік, әрі жеке мүліктік емес езіндік қатынастарды қамтитын болғандықтан, мемлекеттін ішкі азаматтық құқығымен ұштасады.

Екінші жағынан алып қарағанда, халықаралык жеке құқық құрамында әртүрлі халықаралық элементтері бар халықаралык жария құқыққа ұқсайды. Халықаралық жеке құқық тұрғысында қолданылатын "халықаралық" терминінің халықаралык жария құқығының сондай терминінен ерекшелігі болады. Ол белгілі бір жағдайларда азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастардың мемлекеттік ішкі құқықтық жүйесі шеңберінен шығып шетел құқығын, сондай-ак әдет-ғұрып нормаларын колдану мүмкіндігін туғызады.

Халықаралық жеке құқық мынадай негіздерге жүгінеді:

а) мемлекеттің ішкі заңдары;

ә) халықаралық шарттар;

б) халықаралық әдет-ғұрыптар.

Халықаралық жеке құқық "тараптардын ерік дербестігі" деп аталатын арнайы принциппен сипатталады, яғни бұл тараптардың ездерінін қатынастарына колданылуға тиісті құқықты таңдау туралы келісімдерінің нормаларын біріктіретін институт дегенді білдіреді.

Халықаралық жеке құқықтың нормаларын коллизиялық шиеленісті, сілтеме жасау немесе құқық қолдану деп атау дәстүрі бар.

Халықаралық жеке құқық нормалары негізінен екі элементтен:

1) коллизиялык нормалар қолданылатын қатынастардан;

2) қандай да тиесілі құқықты қолдануды анықтаудан (халықаралық, ез елі немесе басқа мемлекет) тұрады.

  • 2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕГІЗГІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ

Бүгінгі танда әлемдегі әрбір мемлекеттің өзіне тән құқық жүйесі бар. Қандай елде болмасын, құқық жүйесі аясындағы азаматтық құқықтын орны айрыкша. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқықа мынадай анықтамасын берген: "Нағыз құқық  жеке құқық болып қала береді, заңгерді калыптастыру тек азаматтық құқықты оқып-үйрену арқылы ғана болуы мүмкін".

Әдетте, құқықтық жүйелер: роман-герман құқығы, "жалпы құқық" және социалистік құқық болып үш топқа бөлінеді. Айта кету керек, мемлекеттік емес қауымдастықтың өз құқығы болады, айталық, оған канон құқығы, мұсылман құқығы, индустар құқығы жатады. Сондай-ақ, бүкіләлемдік немесе аймактық көлемде мемлекетаралык және сыртқы сауда қатынастарын реттеуге арналған халықаралық құқық та бар.

 

  • 3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕПЗП ЭЛЕМЕНТТЕРІ
  1. Арнайы әдебиетте азаматтық-құқықтық жүйені бір-бірінен ажыратуға көмектесетін мынадай элементтер келтірілген:

1) құқық дерекнамасының құрамы мен ара салмағы;

2) азаматтық құқықтың кұрылымы (мәселен, тұлғалар, заттық құқық, міндеттемелік құқық, айрықша құқық, отбасы және мұрагерлік құқық);

3) құқық қолдану тәжірибесі (сот, конституциялық, әкімшілік және тағы басқа);

4) құқықа қатысты орныққан пікірлердің (доктрина) жиынтығы және оны тәжірибеде қолдану.

Осы элементтерден келіп азаматтық-құқықтық жүйесінін роман-герман (континенталдык), жалпықұқық (англосаксон-дық), социалистік, мұсылмандық және патриархалдық деп аталатын түрлері шығады. Ал енді осы жүйелерге қысқаша сипаттамалар берелік.

  1. Континенталдық (роман-герман) жүйесі Рим құқығы негізінде қалыптасып, Еуропада пайда болған, сондықтан да оны континенталдык жүйе деп атап кеткен. Казіргі кезде роман-герман құқықтық жүйесі әлемнің көптеген мемлекеттеріне таралған. Ерте заманнан бастап роман-герман құқықтық жүйесі жария және жеке құқық принципіне бөлінген болатын. Мәселен, атақты жапондык ғалымдар Сакаэ Вагацума мен Тору Арийдзуми былай дейді: "Адамзаттың барлық қатынастарын екі топка бөлуге болады: жеке тұлға ретінде әлеуметтік қатынастар (мүліктік қатынастар және азаматтық ахуал) және мемлекеттің қатынастары (мемлекеттің кұрылымы мен ұйымдастырылуы, құрылымды жүзеге асыру және тағы басқа). Оның біріншісінде жеке құқықтық қатынастар, екіншісінде жария қатынастар болады". Мұндай бөліну барлык жүйелерге тән емес. Мәселен, англо-саксон жүйесі құқықты жеке және жария деп бөлмейді. Бұл жүйеде құқықтар келісім-шарт құқығы және т.с.с. болып болінеді.

Іздеу