Шетел азаматтық құқығы бойынша жалпы мәселелер (Реферат)

Кіріспе 3
1. Шетел азаматтық құқығы бойынша жалпы мәселелер 4
2. Қазіргі заманғы негізгі азаматтық-құқықтың жүйелері 5
3. Азаматтық-құқықтық жүйенің негізгі элементтері 6
4. Дамыған мемлекеттердің азаматтық құқығының принциптері 9
5. Азаматтық құқықтың дерекнамалары 11
6. Шетел мемлекеттеріндеп азаматтық құқықтың
негізгі институттарының жалпы сипаттамасы 17
Қорытынды 20
Әдебиеттер 21


Кіріспе

Құқық пен заң шығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырамас бөлігі, сондыктан да басқа халықтар мен мемлекеттердін тарихи тәжірибесіне зерделей қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудің әрбір заңгер үшін, онын ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.

Маман-цивилист шетел азаматтық құқығымен коса халықаралык жеке құқықты да оқып-үйренуі керек.

Халықаралық жеке құқықдегеніміз мемлекеттің жеке ішкі заңдарын, халықаралық шарттар мен әдет-ғұрып нормаларымен біріктіретін кешенді құқықтық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық-құқықтық жөне материалдык-құқықтық әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар қаты-настарды, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.

Халықаралық жеке құқық азаматтық-құқықтық сипаттағы әрі мүліктік, әрі жеке мүліктік емес езіндік қатынастарды қамтитын болғандықтан, мемлекеттін ішкі азаматтық құқығымен ұштасады.

Екінші жағынан алып қарағанда, халықаралык жеке құқық құрамында әртүрлі халықаралық элементтері бар халықаралык жария құқыққа ұқсайды. Халықаралық жеке құқық тұрғысында қолданылатын "халықаралық" терминінің халықаралык жария құқығының сондай терминінен ерекшелігі болады. Ол белгілі бір жағдайларда азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастардың мемлекеттік ішкі құқықтық жүйесі шеңберінен шығып шетел құқығын, сондай-ак әдет-ғұрып нормаларын колдану мүмкіндігін туғызады

Зерттеу мақсаты шетел азаматтық құқығы бойынша негізгі  мәселелермен танысу

Міндеттер

  • Шетел азаматтық құқығы бойынша жалпы мәселелерді анықтау;
  • Қазіргі заманғы негізгі азаматтық-құқықтың жүйелеріне талдау жасау;
  • Азаматтық-құқықтық жүйенің негізгі элементтеріне сипатама жасау;
  • Дамыған мемлекеттердің азаматтық құқығының принциптерін зерттеу;
  • Азаматтық құқықтың дерекнамаларына шолу жасау;
  • Шетел мемлекеттеріндеп азаматтық құқықтың негізгі институттарының жалпы сипаттамасын анықтау.

Іздеу