Үкіметтік емес ұйымдарының қазіргі кездегі жағдайларын талдау (Дипломдық жұмыс / Дипломная работа)

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ
ҚОҒАМЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ 12
1.1 Азаматтық қоғамның ұғымы, оның құрылымы және
функциялары 12
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның дамуы 18
1.3 Азаматтық қоғам институттары және мемлекет
қатынасуының шетелдік тәжірибесі 25
2 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС
СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУ ТАЛДАУЫ 32
2.1 Үкіметтік емес ұйымдарының қазіргі кездегі жағдайларын
талдау 32
2.2 Үкіметтік емес сектор дамуының негізгі бағыттары 41
2.3 Азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттік
органдар арасындағы іс әрекеттестіктің мәселелері 43
3 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ
ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР
ӘРЕКЕТТЕСТІКТІҢ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН
ДАМУ ЖОЛДАРЫ 49
3.1 Азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттік
органдар арасындағы іс-әрекеттесу құрылымдарының нығайуы 49
3.2 Азаматтық қоғам институттарының іс әрекетінің құқықтық
негізінің жетілдіруі 61
3.3 Әлеуметтік тапсырысты пайдалану тәжірибесі
мемлекеттік көмек беру қалпы ретінде 68
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМША А 79
ҚОСЫМША Б 80
ҚОСЫМША В 81
ҚОСЫМША Г 82
ҚОСЫМША Д 83


Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасында үкіметті емес ұйымдардың қызметін зерттеуге арналған.

Бірінші тарауда үкіметтік емес сала құқықтық мемлекеттің құрамдас бөлігі, Үкіметтік емес ұйымдардың  қызметін кеңейту және дамыту мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі ретінде азаматардың құқықтарын қорғау құралы ретінде қарастырылады.

Екінші тарауда Павлодар өңірінде ҮЕҰ қызметі, бағыттары, ҮЕҰ сандық және сапалық ерекшеліктері қарастырылды.

Үшінші тарауда азаматтық қоғамның ресми өкілдері ретінде ҮЕҰ мен мемлекеттік билік органдары арасындағы қатынас жасау жолдары қарастырылды. Азаматтық қоғамның қызметтінің құқықтық негіздерін жетілдіру жолдары қарастырылды.

Адами әлеуметтi, азаматтардың iскерлiгiн жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрi қалыптастыру негiзiнде ғана Қазақстанды өмiр сүру сапасының стандарттары жоғары, қазiргi заманғы, серпiндi мемлекет ретiнде дамытуға болады.

Мемлекет және азаматтық қоғам институттары халықтың бай және кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы айырмашылықты қысқарту, адам мен азаматтың құқықтарын қорғау арқылы қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк билiк басты басымдықтан - қоғамға қызмет етуден шыға отырып, азаматтық қоғам институттарымен бiрлесiп, сөз, дiни ұстаным, жиылыстар бостандығын, азаматтардың бiрiгуге, әдiл сотқа, таза да ашық сайлауға құқығын мүлтiксiз қамтамасыз ететiн болады.

Мемлекет азаматтық қоғам институттарының мақсаттары бойынша әртүрлi қызметiн құру және дамыту үшiн жағдайды заңнамалық түрде қамтамасыз етедi. Кәсiби-бейiндi негiзде азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық жасау билiк үшiн мiндеттi шарт болады. Мемлекеттiк бағдарламаларды, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру жеке адам мен қоғам қажеттiлiктерi негiзiнде және оларды ескере отырып жүргiзiледi.

Елдегi еңбек қатынастары әлемдiк стандарттар деңгейiне жетедi. Экономикалық өсу қызметкерлердiң еңбекақысын арттыруға ықпал етедi. Елде мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен кәсiподақтардың әлеуметтiк серiктестiгi еңбек және әлеуметтiк-экономикалық салалардағы мүдделердi келiсудiң тиiмдi тетiгiне айналады.

Азаматтық қоғамның экономикалық құрамдас бөлiгiндегi шағын және орта бизнесiнiң үлесi айтарлықтай өседi.

Азаматтық қоғам институттары мемлекеттiк органдардың тапсырысы бойынша әлеуметтiк маңызы бар жобаларды жүзеге асырады, мониторинг жүргiзiп, түрлi әлеуметтiк-экономикалық проблемалар бойынша қоғамдық пiкiрдi зерделейдi.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өмiр сүру сапасының қазiргi заманғы стандарттарына қол жеткiзу және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетулер сапасын арттыруға ұмтылады.

Мүмкiндiгi шектеулi адамдар әлеуметтiк қорғаудың жаңғыртылған мемлекеттiк жүйесi мен тиiстi заңнамалық база жасау негiзiнде өздерiнiң азаматтық құқықтарын iске асыруы үшiн жағдаймен қамтамасыз етiледi.

Мемлекет саяси ағартудың және тиiмдi келiссөздер жүргiзу мен жанжалдардың алдын алу мен оларды шешу дағдысына оқытудың ауқымды жүйесiн құрады.

Сот практикасымен қатар қоғамдық, тұлғааралық жанжалдар мен дауларды шешудiң баламалы тәсiлдерi қолданылады, ұлттық менталитет пен тарихи тәжiрибенi ескере отырып құрылған мүдделердi келiсудiң (үйлестiрудiң) тұтас жүйесi әрекет етедi.

Бұқаралық ақпарат құралдары ел өмiрiн объективтi бейнелейдi және қоғамдық мүдделер мен құндылықтарды қорғауға бағдарланады. 2001 жылға дейiнгi кезеңде азаматтық қоғамның саяси партиялар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты аса маңызды институттарын одан әрi дамыту жөнiнде шаралар пысықталып, кезең-кезеңiмен iске асырылатын болады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуi осы жұмысты жүргiзу үшiн қолайлы ұйымдастырушылық, институционалдық, экономикалық және заңнамалық жағдайлар жасау мүмкiндiгiн бередi.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлi нығайтылады. Этносаралық қатынастар, бiлiм, мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруда ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң (орталықтардың) қатысуының нысаны мен тетiктерi жетiлдiрiп, кеңейтiледi. Ұлттық-мәдени бiрлестiктердi (орталықтарды) мемлекеттiк қолдау кеңейтiледi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүйелi және кезең-кезеңiмен дамытуға баса назар аударылатын болады. Мемлекет пен оның органдарының жергiлiктi өзiн-өзi басқару институттарымен өзара iс-қимыл практикасы кеңейтiледi.

Олардың өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып, осы бағыттар бойынша жұмыстың басым бағыттары, тетiктерi мен нақты құралдары қаралады.

Зерттеу жұмысының терең өзектілігі жоғарыда келтірілген факторлардан көрінеді.

Зерттеудің мақсаты Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар қызметіне талдау жасау.

Зерттеу мақсатына сай міндеттер белгіленді:

  • Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамының даму жолдарына талдау жасау;
  • азаматтық қоғамның ұғымы, оның құрылымы және функцияларын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның дамуына шолу жасау;
  • азаматтық қоғам институттары және мемлекет қатынасуының шетелдік тәжірибесіне анықтама беру;
  • Павлодар облысының үкіметтік емес секторының дамуына талдау жасау;
  • үкіметтік емес ұйымдарының қазіргі кездегі жағдайларын талдау;
  • үкіметтік емес сектор дамуының негізгі бағыттарын зерттеу;
  • азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттік органдар арасындағы іс әрекеттестіктің мәселелерін қарастыру;
  • азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттік органдар әрекеттестіктің механизмдері  мен даму жолдарын зерттеу;
  • азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттік органдар  арасындағы іс-әрекеттесу құрылымдарының нығайуын қарастыру;
  • азаматтық қоғам институттарының іс әрекетінің құқықтық негізінің жетілдіруін зерттеу;
  • әлеуметтік тапсырысты пайдалану тәжірибесі мемлекеттік көмек беру қалпы ретінде зерттеу.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметімен байланысты процесстер, құбылыстар мен оқиғалар

Іздеу