Азаматтардың меншік құқығы, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығы (Мәлімет)

АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
§ 1. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
§ 2. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
§ 3. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
§ 4. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
§ 1. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕПЗГІ ТҮРЛЕРІ
§ 2. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН НЕПЗДЕРІ
§ 3. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРІНІҢ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
§ 4. ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРДІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ


АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

  • 1. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы мен Азаматтықкодекстің 191-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік  жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардын меншігі.

Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты иеленудің  жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жекетүрі екі жолмен жүзеге асады:

а) пайда түсіруді көздемей, дене және рухани қажеттілікті канағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі:'

ә) пайда түсіруге бағытталған жеке меншік.

Жеке кәсіпкерлік  азаматтардың тауарларға (жұмыска, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (АК-тің Ю-бабы).

Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік занды тұлға құрылуымен (АК-тің 14-бабы), сондай-ақ занды тұлға белгілерінің болмауына байланысты заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады (АК-тің 19-бабы және Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының 1-бабы).

Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгешекөзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның иелігінде болып, олардың әрқайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ бола береді, оны былайша айтқанда, үлестік меншік және бірлескен меншік деп те атайды.

Азаматтардың меншігі экономикалык категория ретінде жеке меншіктенудің барлық түрлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтың мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін, пайдалануын, және билік етуін реттейді және бұл мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтыгы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл обьективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуі, пайдалануы және билік етуі.

Іздеу