Азаматтық құқық қатынастары, тұлға - азаматтық құқықтардың субъектісі ретінде (Мәлімет)

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

§1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
§2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
§ 3. СУБЪЕКТИВТІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР. ҚҰҚЫҚТАРДЫ САРАЛАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ

ТУЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ СУБЪЕКТІСІ
§ 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
§ 2. ЖЕКЕ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
§ 3. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
§ 4. АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
§5. ҚОРҒАНШЫЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
§6. АЗАМАТТЫҢ ЕСІМІ МЕН ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ
§7. ХАБАР-ОШАРСЫЗ КЕТУ
§8. АЗАМАТТЫ ӨЛДІ ДЕП ЖАРИЯЛАУ
§9. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ


АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

  • 1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жактар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әркилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада акша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.

Занды тұлғалардың барлық істері де нак жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк аркылы есеп айыру - осылардын бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылар-дың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.

Іздеу