Азаматтық құқықтар объектілері (Мәлімет)

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ

§1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЬЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
§2. ЗАТТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ САРАЛАУ (ЖІКТЕУ)
§ 3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР

§ 1. МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
§ 2. АР-НАМЫСТЫ, ҚАДІР-ҚАСИЕТТІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛДІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫ


  • 1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЬЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:

а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады;

ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға кол сұкпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалык (шаруашылық) және физикалық касиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалык немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.

Іздеу