Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 4
1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 9
2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының
нысандары мен түрлері 11
3. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы
заңдардың дамуы 14
4. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие
болу негіздері 27
5. Меншік құқығының тоқтатылуы 22
Қорытынды 26
Әдебиет 27


Кіріспе

Меншік кай коғамның да сан кырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондыктан да меншік құқығынқұқық институты ретінде караған кезде оны меншіктен шығатын экономикалык категория деп түсіну керек.

Меншік дегеніміздің өзі материалдык игіліктерді  табиғаттың өнімдері мен еңбекті  меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи коғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.

Материалдык игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты коғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік кұжаттар) әңгіме болғанда  шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-276-баптары). Меншік құқығының объек-тивті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалау ы бой-ынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік ету-ге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).

Курстық жұмыстың мақсаты меншік құқығын зерттеу

Міндеттер

  • Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны анықтау;
  • Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы заңдардың дамуын қадағалау;
  • Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздерін зерттеу;
  • Меншік құқығының тоқтатылуын зерттеу.

Іздеу