Азаматтық қоғамның өмір сүру сипаты мен қалыптастырудың негіздері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе
1 Азаматтық қоғамның өмір сүру сипаты мен қалыптастырудың
негіздері
2 АҚШ-тағы азаматтық мәртебе.
3 Азаматтардың жауапкершілігі
4 Виртуальды қоғамдар
5 Жеке мүдделі топтар
6 Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуының кейбір аспектілері
7 Азаматтық қоғамдағы мемлекеттік саясатты жетілдіру
Қорытынды
Әдебиеттер


Кіріспе

Азаматық қоғам өмір сүру сипаты мен қағидаттары жағынан тар өрісті таптық қағидаттарға негізделген және қатаң мемлекеттік реттеумен құрсауланған қоғамдардардан мүлде өзгеше болып келеді. Әрине, азаматтық қоғамда да алуан түрлі әлеуметтік және өзге топтардың, ұлттардың адамдары өмір сүреді, алайда олар азаматтық қоғамға таптық белгілірі жөнінен емес,жалпы азаматтық өлшемдер бойынша бірігеді.

Көбінесе нақ сондықтан да, азаматтық қоғамның бойында адамдарды атқаратын қызметіне,дәулетінің шамасына,әлеуметтік,ұлттық және өзге де белгілеріне қарамай,топтастыра алатынқуатты әлеует жинақталады,сөйтіп ол өзінің тынбай жетілуінің барысында қоғамның іштен ірітіп,бөліну мен анархияға соқтыруға ықтимал қайшылықтардан арылуын қамтамассыз етеді.

Мұндай   қоғам  мемлекет  тарапынан  жасалатын  қатаң тәртіп белгілеуден   тәуелсіз   болып  келеді, демократиялық және құқықтық мемлекеттің өзі да қоғамға басшылық жасаудың мұндай тәсіліне жүгенбейді.

Қазақстандағы азаматтық қоғам біздің еліміздің нақты жағдайында пайда болып, дамып келеді. Соған қарамастан, азаматтық қоғамның негізгі белгілері мен оның мемлекетпен қарым-қатынасын анықтағанда, Назарбаев бірқатар халықаралық құқықтық актілерде, соның ішінде 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясынды, 1966 жылғы Пактілерде және Ресей, Испания, Түркия, Германия сияқты және басқа мемлекеттердің Конституцияларында дәйектелген халықаралық тәжірибені шығармашылықпен пайдалана білді.

Ол осы тәжірибені ескере келіп, азаматтық қоғамның негізгі белгілеріне өз анықтамасын береді. Оның сипаттауынша, экономикалық жағынан алғанда, мұндай қоғамның негізі – мемлекеттік емес кәсіпорындар, яғни азаматтардың барлық шаруашылық бірлестіктері.

Әлеуметтік тұрғыда, бұлар-отбасы және саяси мақсат көздемейтін барлық мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктер, ғалымдар қоғамдастықтары, ресми емес бұқаралық ақпарат құралдары, спорттық, экономикалық және басқа ұйымдар. Идеялық тұргыда, бұл идеологиялық пікірлердің сан алуандығы, нақты сөз бостандығы мен ождан бостандығы. Бұл – адамдардың бүкіл жеке өмірі. Бұл – сырттан араласудан қорлаған өмірдің бір саласы.

Осы келтірілген ереже азаматтық қоғамның жалғыз және бірден – бір анықтамасы  емес, әрі оның авторы да мұны ғылым мен саясаттағы сонғы сөз санап  отырған жоқ. Дегенмен, мемлекет басшысының осындай қоғамның негізгі сипаттарын жан-жақты әрі дәл бейнелеуі және  мұндай қоғам орнатуға жәрдемдесуге бекем бел байлап отырғаны, бұл құрылысты жүргізу барысын едәуір жеделдетіп, осы жолда кездесетін кедергілерді ойдағыдай еңсеруге мүмкіндік берері сөзсіз.

Соңғы кездері осы анықтамада айтылған идеялар Қазақстандағы азаматттық қоғамның өмір сүруін реттейтін көптеген нориативті актілерде дәйектеліп отыр.

Сонау 80-ші жылдардың соңы – 90-шы жылдардың басында осындай қоғам туралы түсініктің өзі көпшілікке беймәлім еді, ал адамдар санасындығы ескі қоғам туралы пайымның күштілігі сонша, олар осындай қоғам құру мүмкіндігіне күмән келтіргенін де жасырудың қажеті жоқ.Сол себепті де азаматтық қоғамға Назарбаев берген анықтаманың Қазақстанда осындай қоғам құру үшін үлкен маңызы бар.

Іздеу