Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 4
1. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы 6
2. Азаматтық құқық қатынасының элементтері 7
3. Субъективті азаматтық құқықтар.
Құқықтарды саралау және қорғау 13
Қорытынды 19
Әдебиеттер 20


Кіріспе

Азаматтық құқық " атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді құқық деп атаған.

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік  «цивилие» көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық кұкыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құкықтын римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан еуропалық құқықтануға еніп кана қоймай, заң терминологиясына  кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр.

Римде құкықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқыктардың классикалык аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: "жария құкық дегеніміз рим мемлекетінің құкықтык, мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді".

Қазақстан Республикасының қазіргі кұқық жүйесі жария және жеке құқық дел бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.

Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқыктық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқык іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда "біз жаңа мемлекетті, жаңа нарыктык экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз ..."', ендеше осы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Азаматтык құқык Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық беліністерімен тығыз байланысты.

Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық кұқыкпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқық қатынастарын зерттеу

Міндеттер

  • Азаматтық құқық қатынастарының ұғымын зерттеу
  • Азаматтық құқық қатынасының элементтерін анықтау
  • Субъективті азаматтық құқықтарды зерттеу
  • Құқықтарды саралау және қорғауды анықтау

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік катынастар болып табылады. Материалдык игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, акшамен, кұнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдык қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады.

Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттык қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Іздеу