Азаматтық құқықта дәлелдемелер (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Сот дәлелдеуінің түсінігі және мақсаты
Сот дәлелдемесінің түсінігі 5
2 Дәлелдеу нысанының түсінігі
Нақты азаматтық іс бойынша дәлелдеу нысанын анықтау 9
3 Дәлелдеуге жатпайтын деректер (мән жайлар) 14
4 Дәлелдемелік деректер 16
5 Тараптардың дәлелдеу міндеті 18
Тапсырманы орындау 21
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23


Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы дәлелдеу мен дәлелдемелер  азаматтық құқық және заң ғылымдар саласында маңызды орын алады, себебі ісжүргізу ісінде дәлелдеу  мен дәлелдемелердің дұрыс құрылысы азаматтық іс жүргізудің нәтижелілігіне ықпалын тигізеді.

Іс  жүргізу  ғылымында  дәлелдеу  теориясы  қалыптасып,  іс  жүргізу  бойынша  дәлелдеу  қызметінің  мазмұнының  құрамын  жан  жақты  зерттейді.

Нақты  айтқанды  бұл  теорияда  келесі  мәселелер  қарастырылады:

  • осы теориға  қатысты  негізгі  ұғымдар  мен  тиісті  қағидалар  түсіндіріледі;
  • дәлелдемелердің пайда  болуы  және  олардың  қолдану  тәртібі  зерттеледі;
  • осы теорияның  әдістемелік  негіздері  зерттеледі;
  • дәлелдеу қызметін  реттейтін   құқық  нормалары  зерттеледі;
  • дәлелдеудің субьектілері  және  олардың  құқықтық  жағдайы  зерттеледі;

Осы  зерттеулер  нәтижесінде  ғылыми  ұсыныстар  жасалалып,

процессуалдық  заң  нормаларын  жетілдіру,  құзырлы  органдардың  қызметтерін  жақсару  міндеттерін  атқарады.

Жалпы  дәлелдеу  теориясы  екіге  ажыратылады. Атап  айтқанда  жалпы  дәлелдеу  теориялары  және  ерекше  дәлелдеу  теориялары.

Жалпы  бөлімде – осы  теорияның  әдістемелік  негіздері,  басқа  ғылым  салаларына  байланыста  бұл  теорияда  қолданылатын  негізгі  ұғымдар,  соның  ішінде  дәлеледеме  ұғымы,  дәлелдемелерді  топтастыру,  дәлелдеу  пәні,  дәлелдеу  процесі  және  дәлелдеуге  қатысатын  субьектілер  жатады.

Ал,  ерекше  бөлімге – дәлелдемелердің  жекелеген  түрлері  (куәнің,  жәбірленушінің,  іске  қатысты  басқа  да  адамдардың  жауаптары),  құзырлы  органдармен  лауазымды  тұлғалар  әрекеттерін  дәлелдеу  қызметінде  пайдалану  тәртібі,  дәлелдеу  қызметінің  әрбір  сатысындағы  ерекшеліктері  қарастырылған.

Демек  бұлардың  барлыға  дәлелдеу  пәнінің  мазмұнын  құрайды.

Дәлелдеуді  жүзеге  асыру  барысындағы  таныс  теориясында  келесі  әдістер  қолданылады. Атап  айтқанда:

Байқау – дәлелдемелерді  айғақ  қатынастарын тікелей   көріп қабылдауы (құзырлы органдармен, лауазымды    тұлға, судьяның).

Суреттеу – тиісті  заттарды,  іздерді,  нақты дәлелдемелерді  арнайы  процессуалдық  құжаттарға жинақтап   көрсетіп  жазу

 Салыстыру -  мұнда  бірнеше  дәлелдемелерді салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын  салыстыру  арқылы бағалау.

Эксперимент – белгілі  бір  оқиғаны,  затты,  нақты жағдайды  тәжірибе  түрінде  қайталап жүргізу.

Әкімшілік   құқық  бұзушылық  туралы  істі  жүргізіп  жатқан  судья  немесе  орган  Әкімшілік   құқық  бұзушылық  туралы  кодексте  көзделген  тәртіппен  әкімшілік   құқық  бұзушылық  оқиғасының  болғанын  немесе  болмағанын,  әкімшілік  жауапқа  тартылатын  жеке  адамның  кінәлілігін  анықтайтын  кез  кедген  нақты  деректер,  сондай-ақ істің дұрыс  шешілуі  үшін  ьәні  бар  өзге  де  мән  жайлар  әкімшілік   құқық  бұзушылық  туралы  іс  бойынша  дәлелдемелер  болып  табылады.

Бұл  деректер  әкімшілік  жауапқа  тартылатын  тұлғаның  түсініктемелерімен;  жәбірленушінің,  куәнің  айғақтарымен;  сарапшының қорытындылармен; заттай дәлелдемелермен;  сертификатталған  арнайы техникалық  бақылау-өлшем  құралдарының  және  құқық  бұзушылықты  байқау  мен  тіркеудің  метрологиялық  тексеруден  өткен  аспаптарының  көрсеткіштерімен;  өзге  деқұжаттармен;    әкімшілік   құқық  бұзушылық  туралы  хаттамалармен  және  Әкімшілік   құқық  бұзушылық  туралы  кодексте  көзделген  хаттамалармен анықталады.

Зерттеудің мақсаты: дәлелдеу мен дәлелдемелер

Зерттеу міндеттері:

  • Сот дәлелдеуінің түсінігі және мақсатын ашу;
  • Сот дәлелдемесінің түсінігіне анықтама беру;
  • Дәлелдеу нысанының түсінігіне талдау;
  • Нақты азаматтық іс бойынша дәлелдеу нысанын анықтау;
  • Дәлелдеуге жатпайтын деректер (мән жайлар) келтіру;
  • Дәлелдемелік деректерге анықтама жасау;
  • Тараптардың дәлелдеу міндетіне талдау жасау.

Іздеу