Азаматтық құқықтың дерекнамаларының ұғымы мен түрлері (Реферат)

Кіріспе 3
1. Азаматтық құқықтың дерекнамаларының ұғымы мен түрлері 4
2. Азаматтық заңдардың құрамы 7
3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер 11
4. Әдет-ғүрып 12
5. Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және
тұлғалар бойынша қолданылуы.
Азаматтық заң нормаларын түсіндіру 17
Қорытынды 19
Әдебиеттер 20


Кіріспе

Азаматтық -құқықтық нормалардың нысаңдарын "азаматтық құқық дерекнамасы" деген терминмен сипаттау тән нәрсе. Азаматтық құқық дерекнамасы зандар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып деп аталатын екі түрге бөлінеді. Іскерлік айналымындағы әдет те оның соңғысына жатады. Кеңестік заңдарда сот тәжірибесі дербес құқық дерекнамасы болып саналмады.
Азаматтық кодексте қолданылатын халықаралық шарттар оны қолдану үшін Республика ішінде кұжат шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазакстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады. Ал, үкіметаралык және ведомствоаралык келісімдер, Үкіметтің әртүрлі шетелдік фирмаларымен жасаған шарттары ратификациялауға жатпайды.
Азаматтық кодекс бәрін үйлестіруші міндетін аткарады екен, сондыктан да азаматтық құқық нормалары енгізілген өзге құқықтық нормативтік актілер Азаматтық кодекстің талаптарына сай болуы тиіс. Ал мұның жаксы жағы да, кемшілігі де бар. Кемшілік жағы мынада, мәселен, Азаматтық кодексте жалпы және арнайы заңдардың ара салмағын реттеуде құқықтық негіз каланбаған деп ойлаймыз, ал мұнын өзі сайып келгенде, тәжірибеде белгілі бір дәрежеде киындықтар туғызуы ғажап емес.
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтың дерекнамаларын зерттеу
Міндеттер:
- Азаматтық құқықтың дерекнамаларының ұғымы мен түрлерін, азаматтық заңдардың құрамын анықтау;
- Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, әдет-ғұрыпты зерттеу;
- Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуын және азаматтық заң нормаларын түсіндіру

Іздеу