Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар (Мәлімет)

1 Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар

2 Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.

3 Ежелгі Рим өркениетінің саяси-құқықтық ілімі

4 Орта ғасырлық Батыс Европадағы саяси-құқықтық ілім (VI-XVғ.ғ.)

5 Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси- құқықтық ойлар


1-тақырып. Ежелгі Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар

Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың  мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе  ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда,  гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары мен өндіргіш күштердің жетілмегенін, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын түсіну өте қиынға соқты.

Мифтік көзқарастарда  болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайшылардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонныц бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағыты және жан-жақты мәліметтер қалдырған. Хаммурапи зандары жазылған биік базалы бағана 1901—1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәуіпі Шаман қүдай және оның алдында ілтипатты түрған әйел патша Хаммурапи салынган.

Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүдесін және жеке меншікті кызғыштай қоргайды.

Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарасгары зороастризмде көріпіс тапты және дамытылды.

2-тақырып. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.

Б.з.д. мың жылдыктың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды

Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epic кезсң- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)    эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

 Б.З.Д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.

Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.

Іздеу