Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және жіктелуі (Реферат)

Кіріспе 3
1 Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және жіктелуі 4
2 Әлеуметтік серіктестік түсінігі және оның түрлері 7
3 Ұжымдық келісім шарт 10
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17


Кіріспе

Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында  қалыптасып,  қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын  қоғамдық  қатынастардың шеңбері  кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің  өз еңбек қызметін  іске асыру кезінде  пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі  жұмыс, яғни  азаматтың еңбекке деген  мүмкіндігін іске асырудан басталады.

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады: қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады; жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына  енгізіледі; еңбек қатынастары – жұмыскерді   жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа  жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады; еңбек қатынасының мазұмыны   жұмыскердің  қатаң түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға  негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа  қатынас   шеңберіне  еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар: ұйымдастыру-басқару қатынасы; жұмысқа алу бойынша қатынастар; жұмыс барысындағы  кәсіби дайындығы мен  біліктілігін арттыру қатынастары; еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар; еңбек заңдылығын сақтау мен  оны бақылауға байланысты қатынастар

Бақылау жұмысының мақсаты еңбек құқығының негізгі қағидаттарын  зерттеу

Міндеттері: еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және жіктелуін, әлеуметтік серіктестік түсінігі және оның түрлерін, ұжымдық келісім шарт зерттеу

Іздеу