Жаза тағайындау (Мәлімет)

ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
§ 1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГЗДЕРІ
§ 2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
§3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
§4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
§5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
§6. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
§ 7. МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІПТІ ЖӘНЕ ЖЫЛ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
§8. БЕЛГІЛІ БІР ҚЫЛМЫС ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ЖАЗАДАН ГӨРІ ЖЕҢІЛІРЕК ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
§9. ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАУ


  • 1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГЗДЕРІ

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыкқа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық занда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, соңдай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана  осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі занға сан деп танылады.

  • 2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінін дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайдарды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза занды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54- баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңіддететін мән-жайлардың үлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген баска мән-жайларды да соттын еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы емес.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйкес болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген кұрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол турллы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" — деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 каулысының 4-тармағында:

«ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі түпкілікті болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегі немесе сотталушыны айыптайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдікке салыну, қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескеріледі, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылмайды» — деп көрсетілген.

 

Іздеу