Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (Мәлімет)

Кіріспе
1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
1.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
1.2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
1.3 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолданудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері
1.4 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолдануда азаматтардың Конституциялық құқықтары
2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері және оларды қолдану ерекшеліктері
2.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының негіздері
2.2 Қылмысты бірінші рет жасау мәселелері
2.3 Жәбірленушіге келген зиянның есесін толтырудың маңыздылығы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс  қылмыстық құқық бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқықтағы рөлі, түсінігі мен мағынасы, негіздері және оны қолданудағы кездесетін өзекті мәселелеріне арналған.

Зерттеу жұмысында жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының қылмыстық құқықта атқарып отырған рөліне талдаулар жасалуымен, оның мағынасына түсінік беріліп, аталған норманы іс-тәжірибеде қолдануда кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерге тоқтала отырып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өз алдына мемлекет болып тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, егемендігіне, азаматтардың өмірі мен бостандықтарына тірек болатын, өзінің барша құқықтықќ негіздерін қайта құру қажеттілігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті саќтау, елді зорғау, сыртқы саясат қатынастарын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып жүзеге асырылуда.

Тақырыптың өңделу дәрежесі. Қылмыстық құқықта орын алып отырған қылмыстық жауаптылықтан босату институты және жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату аумағында туындаған сұрақтарға көптеген ғалымдар көңіл бөлді. Атап айтсақ, олардың ішінде жақын шет елдердің белгілі ғалымдары: А.В. Василевский, В.В. Виттенберг, Л. Головко, Е.В. Давыдова, А.В. Ендольцева, Л.Л. Кругликов, В.В. Ценева және еліміздегі осы тақырып бойынша еңбек еткен белгілі ғалым заңгерлер: А. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, Т.Ә. Бапанов, И.Ш. Борчашвили, У.С. Джекебаев, С.Е. Еркінов, А.Ж. Жылқыбаев, Е.І Қайыржанов, С.С. Молдабаев, С.М. Рахметов, Д.В. Синев т.б.

Зерттеудің  мақсаты және міндеті. Зерттеудің  басты мақсаты болып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының теориялық және практикалық мәселесін кешенді түрде зерттеу, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қылмыстық заңды теориялық және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны одан әрі дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылады:

– жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мағынасын ашып түсінік беру және оның мақсаты мен міндетін, қылмыстық құқықта атқаратын рөлін айқындау;

– жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының іс-тәжірибеде қолданылу механизміне талдау жасай отырып, кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерді анықтап оларды шешу жолын қарастыру;

– алыс, жақын шет елдер қылмыстық құқығында орын алып отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы қалай қарастырылған және олардың өзара айырмашылығын салыстыра отырып, талдау жасау;

Іздеу