Заңды тұлға туралы ұғым (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1. Заңды тұлға туралы ұғым 4
2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер (теориялар) 5
3. Заңды тұлғалардың түрлері 6
4. Заңды тұлғаларды құру 7
5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу 9
6. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі 10
7. Заңды тулғалардың негізгі түрлері 16
Қорытынды 28
Әдебиеттер 29


Кіріспе

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай түжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Занды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады".

Бұл жерде "оперативное управление" деген термин "жедел басқару"' деп аударылған, ал Кодекстің 10-тарауында "оралымды басқару" деп аталган. Осыңцай өртүрлі аудармалар біздін Азаматгық кодексте жиі кездесіп тұратынын ескертеміз.

 Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:

1) ұйымдасқандық бірлігі;

2) мүліктік оқшаулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір занды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. ¥йымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы кызмет аясы айқындалады. Занды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Курстық жұмыстың мақсаты заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу

Міндеттер

  • Заңды тұлға туралы ұғымды анықтау;
  • Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдерді (теорияларды) зерттеу;
  • Заңды тұлғалардың түрлерін анықтау;
  • Заңды тұлғаларды құру ерекшелігін зерттеу;
  • Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуді талдау;
  • Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін анықтау;
  • Заңды тулғалардың негізгі түрлерін зерттеу.

Іздеу