Заттық құқық туралы жалпы ережелер (Мәлімет)

ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

§ 1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛПЛЕРІ

§ 2. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ

§ 3. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘДЕТ-ҒҮРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ


  • 1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ

1 Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттын меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.

Олардын ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.

Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және  басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құқық деген түсінік болған жоқ. Әрине, онын мәнісін де түсіну киын емес, өйткені кеңестік Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін байланыстыратын құқықты елемеді.

Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі құқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң шығарушы затка ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтерді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құқығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық құқықтарға  меншік құқығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына жататындығын айту керек. Ал құқықпен қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті) қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің тиісуге құқығы жоқ.

Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы материалдык дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді.

Сонымен, заттық құқық дегеніміз  өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жакка немесе (жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей үстемдік (қожалық) ету құқығы болыпта былады.

  • 2. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ

1 Қазакстан Республикасы Президентінің "Қазақстан 2030" деп аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы беки түсетіндігі, сондай-ак меншік құқығын қорғайтын зандық жүйелердің құрылатындығы айтылған.

Меншік құқығының зандық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын адамдардың құқылык тәртібін бекітіп, тағайындамайынша мүмкін болмайды.

Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды баеқару құқыгы "Мемлекеттік меншік құқығы" тарауында қаралады.

Жерді пайдалану құқығы  заттық құқық бұрынғы Кеңес азаматтық заңдарында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болын есептелмеді. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңымен жер пайдалану құқығына заттық құқық берілді (Заңның 20-бабы). Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін және меншіктегі уақытша пайдалану құқығы, сервитуттар және басқа да заттық құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес жерді пайдалануға байланысты меншік құқықтар азаматтық зандардың нормаларымен реттеледі, әрине ол "Жер туралы" Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның ІІ-бөлімІ).

Іздеу