Заттық құқықтың ұғымы және белгілері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1. Заттық құқықтың ұғымы және белгілері 4
1.1 Заттық құқық түсінігі 4
1.2 Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормалар
1.3 Заттық құқықтың түрлері
2. Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың
заттық құқықтары 8
2.1 Жерді пайдалану құқығы
2.2 Жер пайдалану құқығын тоқтату негіздері
2.3 Сервитуттар
3. Қазақтардың әдет-ғүрып құқығындағы заттық құқық 20
Қорытынды 24
Әдебиеттер 25


Кіріспе

Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттын меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.

Олардын ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.

Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және  басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі құқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң шығарушы затка ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтерді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құқығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық құқықтарға  меншік құқығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына жататындығын айту керек. Ал құқықпен қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті) қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің тиісуге құқығы жоқ.

Курстық жұмыстың мақсаты заттық құқықты зерттеу

Міндеттер

  • Заттық құқықтың ұғымы және белгілерін зерттеу;
  • Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтарын зерттеу;
  • Қазақтардың әдет-ғүрып құқығындағы заттық құқықты талдау

Іздеу