Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы (Мәлімет)

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
§1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық . жауаптылығының жалпы сипаттамасы
§2. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері
§3. Кәмелетке толмлғандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
§4. Кәмелетке жасы толмағандардың сотталғандығын жою ерекшеліктері медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
§1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынын түсінігі
§2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
§3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын үзағгу, өзгерту және тоқтату
§4. Медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шаралары

алкоголизм, нашақорлық және уытқүмарлық дертше шалдықкан ауруларға қолдану


  • 1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ . ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.

Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлықка алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдейталап қоймайды. Кәімелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған кылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстык заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.

Қылмыстық кодекстің 78-бабьшың 1-бөлігіне сәйкес ;Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Яғни, қылмыстык жауаптылыққа тартынатын ең тәменгі жас 14-ке тол у.

Ресейдің, Австрияның, Германияның, Жапонияның қылмыстық заңдарында да осылай көрсетілген. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Франциянын қылмыстық кодексіңде—13, Нидерландыда, Португалияда — 12, Жана Зеландияда — 10, Ирландия құқығында — 7 жас деп көрсетілген. Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша 14-ке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыкқа тартылмайды. 14-ке толмаған жасөспірімдер өзінің істеген іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін, мәнін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.

Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта калуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-өрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15- бап, 3-бөлігі).

  • 2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ

 Қазақстан Республнкасы Жоғарғы Соты Пленумынын «Қылмыстық жаза тағайындағанм кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысының 8-тармағында:

Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау мәселесін қараған кезде соттар қылмыстық жазаның тек ҚК-тің 79-бабында көрсетілген түрлері ғана қолданылатындығына және олардын. мерзімдері мен мөлшері сол бапта белгіленген шеңберден аспайтындығына назар аударуы керек. Сондай-ақ ҚК-тің 80 және 81-баптарында көрсетілген жағдайларды да қосымша ескере отырып және әрі нақты жағдайда істің және кәмелетке толмаған сотталушының жеке басының жағдайларын талқылап, оларға ҚК-тің 82-бабында көрсетілген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігін қарастыру қажет», деп ескертілген.

Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар (өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары) тағайындалмайды. Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас бостандығынан немесе әскери кызметінен шектеу сияқты жазалар тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмыз.

«1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:

а)       айыппұл;

б)       белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в)       қоғамдық жұмыстарға тарту;

г)       түзеу жұмыстары;

д)      қамау;

е)       бас бостандығынан айыру болып табылады.

Іздеу