Криминалистикалық диагностика (Реферат)

Кіріспе 3
1 Криминалистикалық диагностика ұғымы және
жалпы сипаттамасы 4
2 Криминалистикалық диагностиканың зерттеу мақсаттары 5
3 Диагностиканың зерттеу деңгейлері 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16


Кіріспе

Жиырмасыншы ғасыр тарихқа ғылыми – техника және технологиялық дамумен байланысты үлкен өзгерістер кезеңі ретінде кірді. Техниканың және технологияның дамуы қылмыстың жаңа түрлерін, қылмыс жасаудың жаңа әдіс тәсілдерінің туындауына ықпал етеді. Тиісінше аталған қылмысқа қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу және тергеу процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету дәрежесін жетілдіру қажет.

Экономикалық, әлеуметтік, саяси және моральдік – психологиялық сипаттағы криминогендік факторлар құқықтық тәртіп жағдайына, азаматтардың жеке қауіпсіздігіне және мемлекеттік қауіпсіздікке келеңсіз әсер етуде. Қылмыстың қанат жаюы мемлекетке және басқа да қоғамдық қатынастарға қауіп төндіру сипатын иемденуде осыған байланысты, Ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша тиісті ұйымдастыру шаралары мен тәжірибек қызметінде орын алған проблемаларды шешудің жаңа теориялық өңдемелерін жасау міндеттері туындайды. Криминалистика және басқа да ғылымдардың соңғы жетістіктерін Ішкі істер органдарының тәжірибе қызметіне енгізу мен оны тез игеру қауіп төндіріп тұрған қылмысқа табанды түрде қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында қоғамды реформалаудың әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі қылмыспен күрес болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті «Қылмыстың ұстамсыз өсуі мемлекетке және қоғамға, азаматтардың өмірі мен мүліктері үшін және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде» деп атай келе, «Заңның абсолютті жоғарлығын белгілеу және заңды бұлжытпай орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау. ... билікпен заңнамалардың барлық күшін өзіне заңсыз жолмен бақуатты өмір сүру жағдайын жасағандарға қолдану» керек екендігін көрсетті.

Ресми статистика соңғы жылдары жалпы қылмыстың тұрақсыздық тенденциясын байқатады. Республика бойынша 2004 жылы жалпы 143550 қылмыс тіркелсе, 2005 жылы олардың саны 146347 жетіп, 1,9 пайызға өскен ал, 2006 жылы 141271 қылмыс тіркеліп -3,5 пайызға төмендегендігін байқаймыз. Дегенмен де, қылмыстық құбылыстардың латенттік дәрежесі жоғары екендігін айта кеткен жөн.

Сол сияқты мәселелерді қазіргі кезде криминалистикалық диагностика шеше алады.

Зерттеудің мақсаты криминалистикалық диагностиканы зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Криминалистикалық диагностика  ұғымы және  жалпы сипаттамасын ашу;
  • Криминалистикалық диагностиканың  зерттеу мақсаттарына талдау жасау;
  • Диагностиканың зерттеу деңгейлерін анықтау.

Іздеу