Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының ұғымы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының ұғымы 4
1.1 Азаматтық құқықтың пәні 7
1.3 Азаматтық құқықтың әдістемесі 9
2 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы 11
3 Азаматтық құқықтың принциптері (қағидаттары) 14
4 Азаматтық құқық жүйесі 16
Қорытынды 22
Әдебиеттер 23


Кіріспе

Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ — қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтык, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жұзеге асырушылар. Сондықтан ұсынылып жұмыс ана тілінде оқитын қазақ заңгерлеріне азаматтық құқықтың негізгі мәселелерін түсінуге өзіндік көмегің тигізсе, онда еңбегіміздің еш кетпегені.

Соңғы кездері отандық заң білімінде зиялы қауымының Қазақстан Ресітубликасының азаматтык кұқығы бойынша мәселелерге деген сұранысы артты.

Цивилистиканың  (азаматтық құқықтың) көптеген мәселелері қазақ тілінде игерілмеген, ал терминдерді аудару, қазіргі кезде де әлі толық щешімін тапқан жоқ. Айта кететін жәйт, менің алдымда қарапайым сокпақ та болған жоқ (өйткені, екінішке орай Қазақстан тарихында азаматтық құқық бойынша қазақ тілінде бірде бір оқулык жарык көрмеген) соның салдарынан, сұрақтан сұраққа жету қалың нудан өткенмеи тең еді. Сондықтан еңбекте кейбір мәселелерде қапы қеткен тұстары болуы мүмкін. Осыған байланысты сын-ескертпелер болса жөне ұсыныстар көрсетілсе, разылығымды білдіре отырып, болашақта осы окулықты одан әрі жетілдіруге қосқан үлкең үлес ретінде қабылдаймын. "Көш жүре түзелер" дегендей, аталмыш окулық — үлкен мақсаттарды көздейтін, терең білімді қажет ететін, уақыт талабына сай дүниеге келегін еңбектердің алғашкы қарлығашы ғана.

Азаматтық құқықтың академиялық курсы әдетте екі - Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Бұл курстық жұмыста Қазақстан Республикасы азаматтық құқығынын азаматтық құқығының негізгі мәселелері ұсынылып отыр. Ал азаматтык қүкыктың Ерекше бөлімі оқулықтың кезекті жарық көрер басылымдарында қарастырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықты - құқықтын бір саласы ретінде  зерттеу

Мақстына сай келесі міндеттер алға қойылды:

  • Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының ұғымын анықтау;
  • Азаматтық құқықтың пәніне сипаттама беру;
  • Азаматтық құқықтың әдістемесін зертттеу;
  • Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасын анықтау;
  • Азаматтық құқықтың принциптері (қағидаттарын) зерттеу;
  • Азаматтық құқық жүйесіне талдау жасау.

Іздеу