Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің белгілері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.................6
1.1 Құқық және мемлекеттің пайда болуы......................................................7
1.2 Құқық түсінігі мен мәні..............................................................................7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ...........................................................................9
2.1 Қазақстан Республикасының адам құқықтары.........................................9
2.2 Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы.......12
2.3 Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтарының
қорғалуы...........................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31


КІРІСПЕ

Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Тақырыптың өзектілігі. Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдармен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы)мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады

Қарастырылып отырған проблемаға Ресей және Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте бұлардың қатарына РҒА академигі Е.А. Лукашеваның басшылығымен жасалынған іргелі еңбектерді атауға болады. Ол КСРО ыдырауынан кейінгі Ресей мен ТМД елдеріндегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасын бірінші болып ғылыми зерттеу деңгейіне көтерді.

Адам құқықтары мен бостандықтары проблемасына Т.Б. Бекназар Юзбашев, В.А. Карташкин, И.А. Ледях, Б.Г. Манов, Р. Мюллерсон сияқты Ресей зерттеушілерінің еңбектері арналған.

Қазақстанда бұл проблемаға Т.А. Ағдарбеков, М.Т. Баймаханов, М.С. Башимов, Б.А. Есентемірова, А. Жұмағұлова, Г.К Искакова Г. Лупарев, А.К. Мұхтарова, Ғ.С. Сапарғалиев, С.Н. Сәбікенов, А.В. Турлаев, Н.А. Шайкенов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңістігінде адам құқықтарын іске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж.Д. Бусурмановтың зерттеуі ерекше орын алады.

Сонымен қоса ғылыми зерттеуде А.Т. Ашеулов, Т.А. Ағдарбеков, Н.Е. Айтқұлова, М.Т. Баймаханов, Ж.Д. Бусурманов, М.С. Башимов, М.С. Бейбітов, С.В. Бахин, С.Ж. Жалыбин, Е. Жовтис, С.З. Зиманов, Г.К Искакова, А.С. Ибраева, А.К. Котов, А. Қараев, Т.В. Кашанина, Д.О. Кұсайнов, Қ. Мәми, Б.А. Майлыбаев, А.К. Мұхтарова, Н.И. Матузов, К.Б. Мурзаев, М.С. Нәрікбаев, Л.Т. Назаркулова, Ғ.С. Сапарғалиев, С.Н. Сәбікенов, М.А. Сәрсембаев, Г.Ж. Сүлейменова, А.Я. Сухарев, А.В. Стремоухов, Р. Түсіпбеков, Г.Д. Тленчиева, А.К. Тасбулатова, К.Х. Халиков, А.Г. Шмарин және т.б. авторлардың еңбектері қолданылды.

Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық мемлекеттің белгілерін зерттеу

Міндеттері:

  • Құқықтық мемлекеттің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Құқық және мемлекеттің пайда болуын анықтау;
  • Құқық түсінігі мен мәнін ашу;
  • Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекеттің белгілерін талдау;
  • Қазақстан Республикасының адам құқықтарын талдау;
  • Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтарының қорғалуын талдау

Іздеу