Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі (Мәлімет)

1 Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі
2 Еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары.
3 Еңбек құқығының субъектілері
4 Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар
5 Азаматтардың еңбекке тұру және құқықтық шұғылдануды реттеу.


  1. Қазақстан Республикасының еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында  қалыптасып,  қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын  қоғамдық  қатынастардың шеңбері  кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің  өз еңбек қызметін  іске асыру кезінде  пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі  жұмыс, яғни  азаматтың еңбекке деген  мүмкіндігін іске асырудан басталады.

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø  қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø  жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына  енгізіледі;

Ø  еңбек қатынастары – жұмыскерді   жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа  жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø  еңбек қатынасының мазұмыны   жұмыскердің  қатаң түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға  негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа  қатынас   шеңберіне  еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø  ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø  жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø  жұмыс барысындағы  кәсіби дайындығы мен  біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø  еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø  еңбек заңдылығын сақтау мен  оны бақылауға байланысты қатынастар.

  1. Еңбек құқының әдістері

         Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері  төрт негізгі  белгілермен сипатталады:

  1. Еңбек қатынастарының орталықтанған және оқшауланған реттеулерінің  өзара  бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың   мемлекеттік –құқықтық  негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару  нормативтік-құқықтық  актілерді  қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған  реттеулер  жекеленген және  ұжымдық  еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ  жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.
  2. Келісімдік, ұсынылған және императивтік реттеу әдістерінің  бірлесуі. Келісімдік  реттеулер  еңбек қатынастарында туындайтын  көпшілік жағдайында   олар  өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы,  жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс  ұсыну әдістері болған жағдайда  көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция  қолданылудан қорықпайтын жағдайда  оны сақтамауына да болады.   Мұндай нормаға  бірінен кеиін бірін екі бірдей  демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі  міндетті түрде норманы  сақтаудың барлығымен көрінеді.  Негізінен еңбекті қорғаудың барлық  институттары  императивтік  нормадан тұрады.  Сонымен қатар  заң шығарушы  жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу  жасына  қатысты ең төменгі талаптар қояды.
  3. Кәсіподақтық мекемелердің еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық негізгі екі  функцияны  жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында  және ұжымдық  еңбек келіспеушілігі кезінде  жұмыскердің мүддесін қорғайды.

Іздеу