Құқық ғылымында мемлекет жөнінде түсініктер (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Мемлекеттің теориялық аспектілері 5
1.1 Мемлекет жөнінде түсініктердің пайда болуы 5
1.2 Мемлекет жөнінде теориялардың эволюциясы 6
2 Құқық ғылымында мемлекет жөнінде түсініктер 9
2.1 Мемлекет ұғымы, анықтамасы 9
2.2 Мемлекеттің белгілері 10
2.3 Мемлекеттің түрлері 11
2.4 Мемлекеттердің саяси режимі 13
3 ҚР мемлекетінің сипаттамасы 24
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

Кіріспе

Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдык және аумақтық ұйымы  ретінде Мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық мазмұны. Мемлекеттік теория - құкықтық қауымдастык ретінде мемлекеттік егеменділік Ұлт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттіліктің эволюциясы. Мемлекет дамуының кезендері.

Әр халыктын нақтылы - тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады.  Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын процестердің нысанының, қарқынынын және сонын салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық.

Мемлекеттің рулык басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе  оқу  және монографиялық әдебиеттерде атайтынындай «жария биліктің» болуы тән.

ҚР конституциясына сәйкес (1 бап) өзін  демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет етіп бекітеді оның жоғары құндылықтары адам, оның өнірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Мемлекет адамның тұғанынан телінетін конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мойындайды. Олар абсолютті болып табылып, заңдар мен өзге құқықтық – нормативті актілерініңмазмұны мен  қолданысын анықтайды. Азаматтар құқығы құқықтық кепілдіктер жүйесімен қамтылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі — салалық және салааралық мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен орталық және жергілікті атқарушы         органдардың жүйесін басқаратын басқа да лауазымды адамдардан, олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын адамдардан тұратын, президенттің алдында жауап беретін және Парламентке есеп беретін, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдар мен Президент Жарлықтарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер берілген әрі республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті маңызы бар заңи актілерді шығаруға құқылы, жалпы құзыретті атқарушы биліктің алқалы органы.

Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік - саяси, рухани, ұлтаралык және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттің мәнін зерттеу

Міндеттері:

  • Мемлекеттің пайда болуын зерттеу;
  • Мемлекеттің ұғымы мен белгілерін талдау;
  • Мемлекеттің түрлерін талдау;
  • Мемлекеттік режимдерін зерттеу

Іздеу