Құқық және әлеуметтік әділдік (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Құқық және әлеуметтік әділдіктің теориялық аспектілері 5
1.1 Құқық түсінігі және мәні 5
1.2 Әлеуметтік әділеттіктің және әлеуметтік саясаттың
ара байланысы 8
2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік әділеттікті
іске асыру механизмдері 15
2.1 Адам құқықтарын қорғау жүйесі 15
2.2 Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі 19
3 Қазақстанда әлеуметтік әділеттікті әлеуметтік саясат
арқылы іске асыруда шетелдік тәжірибені қолдану 24
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31


Конституция бойынша Қазақстан – құқықтық-әлеуметтік мемлекет. Осы ұғымды тереңінен талдасақ, әлеуметтік деген сөздің өзегінде халықтық билік жатқанын аңғарасың. Мемлекет дамуының биік мақсаттары адам өмірімен астасып жатуы тиіс. Қазіргі таңда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша мән беріп отырғаны белгілі. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында халық мүддесін көздейтін көптеген әлеуметтік жобалар іске асып, халықтың әл-ауқаты жақсарды.

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде  халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі,  Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады.  Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты -  әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:

  • Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
  • Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;
  • Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
  • Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;
  • Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
  • Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы. [1]

Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде  ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау  ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның»  22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .

Курстық жұмыстың мақсаты құқық және әлеуметтік  әділдікті зерттеу

Міндеттері:

  • Құқық және әлеуметтік әділдіктің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Құқық түсінігі және мәнін ашу;
  • Әлеуметтік әділеттіктің және әлеуметтік саясаттың ара байланысын талдау;
  • Қазақстан Республикасында әлеуметтік әділеттікті іске асыру механизмдерін зерттеу;
  • Адам құқықтарын қорғау жүйесін талқылау;
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін зерттеу;
  • Қазақстанда әлеуметтік саясатты жетілдіруде шетелдік тәжірибені қолдануды зерттеу.

Іздеу