Құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ...............................................................................................5
1.1 Құқықтық қатынастардың пайда болуы................................................5
1.2 Құқықтық қатынастар түсінігі...............................................................6
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................9
2.1 Әкімшілік құқықтық қатынастар...........................................................9
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар........................................................16
2.3 Қылмыстық құқықтық қатынастар......................................................21
3 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
САЯСАТ БАРЫСЫНДА РЕТТЕЛУІ........................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................31


КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың соңында Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, рухани және басқа салаларда орын алған түбегейлі өзгерістер, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті құру бағытына бет бұру секілді жағдайлар жаңа жағдайда кез-келген мемлекеттік саясат құқықтық болуы тиіс деген байлам жасауға түрткі болды. Сонымен қатар нақты саясат түрлерінен басқа, жоспарлы өзгертулер мен жаңартуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей жалпыұлттық құқықтық саясатты құру қажет екендігі түсінікті болды.

Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.

Құқықтық қатынастардың белгілері: әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас; құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді); адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс; ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет; қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі; мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.

Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады: субъект, объект;субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).

Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлерін зерттеу

Міндеттері:

  • Құқықтық қатынастардың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Құқықтық қатынастардың пайда болуын талдау;
  • Құқықтық қатынастар түсінігін ашу;
  • Құқықтық қатынастардың түрлерін зертттеу;
  • Әкімшілік құқықтық қатынастарды анықтау;
  • Азаматтық құқықтық қатынастарды талдау;
  • Қылмыстық құқықтық қатынастарды зерттеу;
  • Құқықтық қатынастардың құқықтық саясат барысында реттелуін талдау.

Іздеу