Құқықтық қатынастар ұғымы (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ...............................................................................................5
1.1 Құқықтық қатынастардың алғы шарттары...........................................5
1.2 Құқықтық қатынастар ұғымы..............................................................14
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ......................................16
2.1 Қылмыс саласындағы құқықтық қатынастар.....................................16
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар........................................................19
2.3 Еңбек саласындағы құқықтық қатынастар........................................27
3 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТ
ТАРАПЫНАН РЕТТЕЛУІ.................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................38


КІРІСПЕ

Қазіргі  әлемдік  қауымдастықтың  дамуы адам  құқығы мәселесіне    көбірек  көңіл  бөлу керек екендігін анықтап отыр. Адам  құқығы мен    бостандығының  заңдылық  тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі     саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т.б. жүйелердің қалыптасып,      динамикалық дамуының  қажетті шарттары болып табылады. Адам құқығы,    оның қамтамасыз етілуі  –  әлемдік тұрақты даму стратегиясының  маңызды    факторы болатын  демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген    мемелекет дамуының  түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі.   

Қазақстан    Республикасы  өз Конституциясында адам, оның өмірі,  құқығы мен    бостандығы ең жоғары құндылық болып табылатынын, мақұлдап бекітті.    Азаматтық қоғамды  қалыптастыру мен   құқықтық   мемлекеттің    қалыптасуының  басты шарты азаматтардың құқықтық  мәдениетін    қалыптастыру, соның  ішінде оның құрамды бөлігі  – адам  құқығының    мәдениеті. Біріккен Ұлттар Ұйымы  өз  құжаттарында және жүргізіп жатқан    шараларында  қауымды адам  құқықтары туралы ақпаратпен  қамтамасыз    етудің қажеттілігін дәлелдеуде, сонымен бірге бұл салада  адам  құқығы    мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі болып табылатын білім    беру  ұжымдарына  үлкен сенім артады.Қабылданған Декларацияларда және    Адам  құқығы туралы  Бүкіләлемдік конференция (1993ж.) адам  құқығын    оқытуға ерекше назар аударуға көңіл бөлді, жекелей алғанда «барлық    мемлекеттер мен мекемелер адам құқығы мәселесін, адамгершілік құқығын,    демократия мен заңдылықты  барлық  оқу орындарының  оқу    бағдарламаларына енгізу», «адам  құқығы саласын кеңейтіп оқытуды    қамтамасыз ету, нақты бағдарламалар  құрастырып, негізгі бағыттарды    анықтау» мәселелерін көтерді.

Осы жағдайда жастардың  құқықтық    қатынастарды жетік игеру қажеттілігі артты, яғни жастар тек қана    Конституцияны, өз елінің  заңдарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін  ғана    біліп  қоймай, сонымен бірге  өзінің құқықтары мен заңдылық  мүдделерін    қорғай алуы, мемлекеттік және  қоғамдық өмірде белсенділігін арттыруы,    Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды  қалыптастырудың   аса    қажетті мүшесі болуы керек.  

Қазақстанның  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына,    Еуропа Елдерінің Қауіпсіздік  Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер    Достастығына және  басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болуы, адам    құқығы туралы маңызды Пактілерге  қосылуы,  өлім жазасының  алынып   тасталуы және  қазіргі саяси оқиғалар аталмыш пәнді оқытудың    маңыздылығын арттырды.    Қазақстан Республикасының  орта және жоғары білім беру    орындарында жоғары және орта білім беру жүйесіне жаңа талаптардың    қойылуына,  ұлттық  заңдылықтардың  жаңаруына байланысты  құқықтық    оқытудың мазмұнын жаңарту үрдістері жүріп жатыр.

Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлерін зерттеу

Міндеттері:

  • Құқықтық қатынастардың теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Құқықтық қатынастардың пайда болуын талдау;
  • Құқықтық қатынастар түсінігін ашу;
  • Құқықтық қатынастардың түрлерін зертттеу;
  • Қылмыстық құқықтық қатынастарды анықтау;
  • Азаматтық құқықтық қатынастарды талдау;
  • Еңбек құқықтық қатынастарды зерттеу;
  • Құқықтық қатынастардың мемлекет тарапынан реттелуін талдау.

Іздеу