Құқықтық қатынастар (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.......................................................................5
1.1 Құқық теориясындағы құқық және құқықтық қатынастардың мәні..5
1.2 Құқықтық қатынастарда субъективтілік пен объективтілік ұғымы...8
2 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ.............................14
2.1 Құқықтық қатынастардың құрылымы.................................................14
2.2 Құқықтық қатынастардың объектілері................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................31


КІРІСПЕ

Мемлекет және құқық теориясыдща құқықтық қатынас деп қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.   

Құқықтық қатынастардың бірқатар белгілері бар.  Ең алдымен бұл қатынастар əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас. Сонымен қатар  ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық  нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады

Құқықтық қатынастар тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды  міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс ретінде танылады. 

Құқықтық қатынастар ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет. Сонымен қатар  бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қатынастар

Құқықтық қатынастың объектісі деп  құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.

Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.

Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған: құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады; құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.

Олардың қатарына: материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар); материалдық емес құндылықтар  (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты); рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.); құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі; бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.

Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық қатынастардың объектілерін зерттеу болып табылады.

Міндеттері:

  • Құқықтық қатынастардың теориялық құқықтық аспектілерін зерттеу;
  • Құқық теориясындағы құқық және құқықтық қатынастардың мәнін ашу;
  • Құқықтық қатынастарда субъективтілік пен объективтілік ұғымын ашу және талдау;
  • Құқықтық қатынастардың объектілерін анықтау;
  • Құқықтық қатынастардың құрылымын зерттеу;
  • Құқықтық қатынастардың объектілеріне талдау жасау.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылған.

Іздеу