Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...............5
1.1 Құқықтық мемлекет жөнінде теориялардың эволюциясы....................5
1.2 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны.....................................8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ.......................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасында құқықтық
мемлекеттің құрылуы....................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасында билік
тармақтарының бөлінуі.................................................................................18
2.3 Қазақстан Республикасында жеке адам
құқықтарының кепілдігі..........................................................................22
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТЫҚ
ҚОҒАМ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ
НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ..........................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................30


КІРІСПЕ

Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да  еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр  жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.

КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық  заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.  Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық мемлекеттің түсінігін және оның мәнін ашу

Міндеттері:

  • Құқықтық мемлекеттің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • Құқықтық мемлекет жөнінде теориялардың эволюциясын көрсету;
  • Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұнын ашу;
  • ҚР құқықтық мемлекет ретінде талдау;
  • ҚР құқықтық мемлекеттің құрылуын анықтау;
  • ҚР билік тармақтарының бөлінуін зерттеу;
  • ҚР жеке адам құқықтарының кепілдігін талдау;
  • ҚР азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі ретінде анықтау.

Іздеу