Құқықтық сана сезім түсінігі, функциялары және негізгі элементтері (Курстық жұмыс / Курсовая работа)

Кіріспе 3
1 Құқықтық сана сезім түсінігі, функциялары және
негізгі элементтері 5
2 Құқықтық сана сезімнің құқық саласында алатын ролі 8
2.1 Құқықтық сана сезімнің құқық шығармашылықта алатын ролі 8
2.2 Құқықтық сана сезімнің құқық қолданушылықта,
құқық қорғаушылықта алатын ролі 14
3 Құқық бұзушылықтың алдын алу 21
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29


Кіріспе

Тәуелсіз, егеменді, демократиялық елімізде құқықтық мемлекет құрудың негізі мектеп табалдырығынан басталады. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі азаматтық қоғамды құру үшін қоғам азаматтарының парасаттылық, әділеттілік қасиеттерімен қатар, санасы мен мәдениетін дамыту негізінде құқықтық тәрбие беру бірден бір өзекті мәселе болып табылады. Оқушы жастардың құқықтық тәртібін дамыту үшін олардың құқықтық сауатын ашқан дұрыс. Сол себепті, оқушылардың құқықтық білімін, сана-сезімін қалыптастыру ежелгі және көне түркілердің құқық тарихынан бастау алатындығын негізге алуымыз керек.

Бүкіл әлемнің белгілі бір заңдылықтарымен өмір сүретінін қазіргі заман ғылымы жан-жақты дәлелдеп отырғаны мәлім. Соның ішінде бұл заңдылықтар жастарға құқықтық тәрбие беруде адамзаттың жан дүниесі мен рухани ішкі өмірін де қамтиды.

Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.

Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.

Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.

Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен  қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықтық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи  мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.

Адам өмірге келгеннен соң ар-ұят, абырой, намыс сынды қасиеттерге ие болуы мақсатында әдептілік жайлы әрдайым толғанып, оны қалыптастыруға бар күш-жігерін аямаған. Осы қасиеттерден арылмас үшін оны сақтаушы әділдік, адамгершілік, имандылық институттарды ұстану мақсатында қазақ даласында тәртіп ережелері, яғни заңдар болды. Ата-бабаларымыздың әдет-ғұрып құқықтық жүйесінің бастауы құқықтық сананың қалыптасуымен байланысты дамыды. Нәтижеде ұлан-байтақ даладағы құқықтық нормаларды бұлжытпай орындау барлық халыққа міндеттелді. Сондай-ақ,  қазақ халқы өзінің материалдық және рухани мәдениетінің ірге тасын ежелден-ақ қалап, осы күні өзгелерден жақсы сипаттарымен ерекшеленіп тұратын әдептілік тағылымдарын барынша сомдап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, желісін үзбей сақтап келеді.

Әділеттік, адамгершілік, теңдік принципіне құрылған әдет-ғұрып құқықтық жүйе феодалдық қарым-қатынасты дамытып, егемендігіндегі жерді қорғау мүддесімен ұштаса отырып, тайпа-рулардың бірлесуіне, ұлан-асыр кең даланы бейбіт жағдайда игеруге алғы шарт жасады.

Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері: әуелі, құқық қоғамның объективтік байланысы, қатынасы – диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтық қоғамның даму процесін реттеушісі. Егер қоғам мен құқықтың объективтік байланысы мен қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды. Екіншіден, құқық – қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.

Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық сана сезімнің құқық саласында алатын ролін зерттеу

Міндеттері:

  • Құқықтық сана сезім түсінігі, функциялары және негізгі элементтерін анықтау;
  • Құқықтық сана сезімнің құқық саласында алатын ролін зерттеу;
  • Құқықтық сана сезімнің құқық шығармашылықта алатын ролін талдау;
  • Құқықтық сана сезімнің құқық қолданушылықта алатын ролін анықтау;
  • Құқықтық сана сезімнің құқық қорғаушылықта алатын ролін зерттеу
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу зерттеу.

Іздеу